Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

HRW ұйымы Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды

0

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы Feminita ұйымының белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға үндеді.

"Қазақстан билігі Секербаеваға тағылған айыптарды алып тастап, оған қарсы қолдан жасалған істі тоқтатуға тиіс" деді HRW ұйымының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Мира Риттман. "Қазақстанда ешкім лесбиян болғаны үшін немесе ЛГБТ адамдардың құқықтарын бейбіт түрде қорғағаны үшін қылмыстық қудалаудан қорықпауы керек".

Ұйымның жазуынша, іс былтыр қарашада Астанадағы бір кафеде болған оқиға бойынша қозғалған. 22 қарашада Секербаева мен оның әріптесі Темірлан Баймаш ЛГБТИК+ қауымы өкілдерімен кездесу өткізбек болғанда оларға қарсы бір топ белсенді сол жерге келіп, дау шығарған, жиын қатысушыларына агрессия танытқан. HRW сол жиында Секербаеваның соққыға жығылғанын айтады. Кейін жиынды бүлдірді деген белсенділердің бірі – Зиуар Жұманова ЛГБТ белсенділерінің үстінен арызданған. Артынша полиция Секербаева мен Баймашты ұстаған.

Жанар Секербаеваның жазуынша, іс қылмыстық кодекстің 109-1 бабы ("Ұрып соғу") бойынша қозғалған. Алғашқы сот отырысы 7 сәуірге белгіленген.

HRW ұйымының хабарлауына қарағанда, полиция тергеуді тек Жұманованың шағымына сүйеніп, біржақты жүргізген, билік Секербаева мен Баймаштың арыз-шағымын елеусіз қалдырған.

12 ақпанда Секербаева полицияға тағы арызданып, Жұмановаға күш қолданғаны үшін, Feminita белсенділерінің жиынын бүлдіргені үшін әкімшілік шара қолдануды сұраған. Секербаева полиция процедуралық талаптарды орындамай, ұсынылған дәйектерді қабылдамағанын айтқан. Feminita белсендісі бұл істің саяси астары бар деп санайды.

QUEER KZ жастар бастамасының негізін қалаушылардың бірі Темірлан Баймаштың HRW ұйымына айтуына қарағанда, ол да осы іс бойынша полицияға арызданған, бірақ полиция оның өзін тергеген. HRW-тың жазуынша, әзірге Баймаштың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған, бірақ ол куәгер ретінде әлі де полиция тарапынан қысымға душар.

Кейінгі айларда Қазақстанда ЛГБТ қауымының өмірі қиындаған. Оған былтыр желтоқсанда дәстүрлі емес жыныстық бағытты насихаттауға тыйым салатын заңның қабылдануы себеп болуы мүмкін. Биыл наурызда күшіне енген бұл заң ЛГБТ белсенділері мен олардың құқығын қорғаушыларға қылмыстық қудалау қаупін төндіреді.

"ЛГБТ-пропагандасы дейтін заң ашық түрде кемсіту сипатына ие және ол сөз еркіндігін бұзады. Адам құқығын құрметтейтін елде мұндай заң болмауға тиіс" деді Мира Риттман. "Билік Қазақстандағы ЛГБТ адамдар мен олардың құқықтарын қорғап жүргендердің кемсітусіз, қудалаусыз және саяси астары бар қылмыстық қудалаусыз өмір сүруін қамтамасыз етуге міндетті".

Секербаеваның жазуынша, сот Астана қаласында өтпек.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net