Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматы жолдарында жасырын патрульдер пайда болды

0

Алматыда тексеріс күшейтілді: ережебұзушыларды енді "жасырын" патрульдер тіркейді, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жерде азаматтық киімде, арнайы белгілері жоқ автокөліктермен жалпы көлік ағынында жүріп, қызмет атқаратын патрульдік полиция қызметкерлері туралы сөз болып отыр. Негізгі мақсат – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау, әсіресе агрессивті жүргізу фактілерін әшкерелеу. Олардың қатарында күрт жолақ ауыстыру, "шахмат" тәсілімен жүру, басқа көліктерді қысып өту және апаттық жағдайлар туындату сияқты қауіпті әрекеттер бар.
Мұндай жүргізушілер туралы ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы экипаждарға жолданады, олар көлікті тоқтатып, құқық бұзушылықты рәсімдейді.
Полиция мәліметінше, тек өткен демалыс күндері Алматыда агрессивті жүргізудің 28 жағдайы анықталған. Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

"Мұндай деректер жедел түрде жақын маңдағы экипаждарға жеткізіліп, тиісті шаралар қабылданады. Біздің міндет – жауапкершілікке тарту ғана емес, қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру", – деді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Ведомство мәліметінше, жасырын патруль форматы жүргізушілердің мінез-құлқын барынша табиғи жағдайда тіркеуге мүмкіндік береді — яғни "көрінетін полиция" әсері жоқ, жол қозғалысына қатысушылар қызметтік көлікті көргенде жүргізу стилін кенет өзгертпейді.
Мұндай тәсіл жолдағы жағдайды объективті бағалап, кездейсоқ қателік емес, жүйелі ереже бұзу жағдайларын анықтауға көмектеседі.
Басқа елдерде де мұндай патрульдер бар
Мұндай тәжірибе басқа елдерде, соның ішінде Еуропада бұрыннан қолданылады. Мысалы, Германия, Нидерланд және Ұлыбританияда "белгісіз полиция көліктері" (unmarked cars) пайдаланылады, олар жалпы ағында жүріп, агрессивті жүргізуді, жылдамдықты асыруды және қауіпті маневрлерді тіркейді. Бірқатар жағдайда мұндай экипаждар бейнетіркегіштер және арнайы бақылау жүйелерімен жабдықталады, бұл стационарлық бекеттердің қатысуынсыз-ақ заңбұзушылықтарды құжаттандыруға мүмкіндік береді.
Алматыда бақылау күшейді
Айта кетейік, Алматы жолдарындағы бақылаудың күшеюіне қоғамдық резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы себеп болды: 21 наурызда әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі және екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында тіл тартпай кетті. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Апат кезінде ол мас болған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру мүмкіндігі туралы уәждер бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады, бірқатар лауазымды адам қызметінен айырылды.
Бұған дейін, Алматыға басқа өңірлерден патрульдер келгені туралы хабарланған болатын.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net