«ҚазҰУ – болашаққа бастар жол»
Мен үшін университет таңдау - болашаққа жасалған ең маңызды қадамдардың бірі болды. Себебі бұл тек төрт жыл оқып шығатын орын емес, бұл - адамның көзқарасы қалыптасатын, өмірлік бағыты айқындалатын кезең. Осы тұрғыдан қарағанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, уақыт өткен сайын бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын анық сезіне бастадым.
ҚазҰУ-ға алғаш келгенде ең алдымен көзге түсетіні - оның ауқымды кампусы. Шынымен де, бұл жай ғана оқу орны емес, өз алдына бір үлкен орта. Университет аумағында оқу корпустары, заманауи ғылыми кітапхана, студенттерге арналған жатақханалар, спорт кешендері, тіпті медициналық орталыққа дейін бар. Мұның бәрі студенттің сыртқа алаңдамай, толықтай...
