Айда өмір сүру мүмкін бе?
Адамзат ежелден ғарышты зерттеуге қызығып келеді. Соңғы онжылдықтарда Айға бірнеше ғарыш кемесі мен зерттеу аппараты жіберілді, ал бүгінде ғалымдар енді бір қадам алға шығып, Айда адам өмір сүре ала ма? деген сұраққа нақты жауап іздеп жатыр. Бұл — қазіргі ғылым мен технологиядағы ең маңызды тақырыптардың бірі.
Ай — Жерге ең жақын аспан денесі. Алайда ол адамның табиғи өмір сүруіне мүлде қолайлы орта емес. Айда атмосфера жоқ, сондықтан онда тыныс алатын ауа да жоқ. Сонымен қатар, сұйық күйдегі су өте шектеулі, ал Күн радиациясы тікелей әсер етеді. Бұдан бөлек, Айдағы температура өте құбылмалы: күндіз +127°C-қа дейінкөтерілсе, түнде –173°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам тек...
