Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Айына 102 мың теңге. Қанша қазақстандық МӘМС-ке ең жоғары жарна төлейді?

0

2026 жылдың басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жұмыс берушілерден де, қызметкерлерден де түсетін жарна көлемі айтарлықтай артты. 2026 жылы МӘМС жүйесіне аударылатын жарналар қалай өзгерді және ең жоғары тарифпен төлейтіндер қай өңірлерде көп екенін TengriHealth тілшісі анықтап көрді.
Қанша адам ең жоғары жарна төлейді?
Біздің сауалымызға берген жауабында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2026 жылғы қаңтар-ақпанда жұмыс берушілер МӘМС жүйесіне 107,4 миллиард теңге аударғанын - бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (88,68 миллиард теңге) салыстырғанда 21,1 пайызға көп екенін хабарлады.
Осы кезеңде қызметкерлердің жарналары 76,89 миллиард теңге болған - бұл былтырғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,9 пайызға жоғары. Ол кезде 71,88 миллиард теңге болған.
Қор мәліметінше, бүгінде 5 607 жұмыс беруші мен 161 063 қызметкер ең жоғары шекті меже бойынша аударым жасап отыр.
Мұндай төлеушілердің басым бөлігі Астана мен Алматыда шоғырланған.

"Жалпы, бұл санаттағы төлеушілер негізінен елдің іскерлік және инвестициялық белсенділігі жоғары экономикалық тұрғыдан белсенді аймақтарында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жүйе кірісі неге өсті?
Қор өкілдері түсімнің өсуін бірнеше фактормен түсіндірді:
1. Жарналарды есептеу үшін шекті табыс мөлшері артты;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналар есептелетін табыстың жоғарғы шегі өзгерді. Егер бұрын ол 10 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 850 мың теңге болса, енді бұл шек қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ-ға дейін (1,7 миллион теңге), ал жұмыс берушілер үшін 40 ЕТЖ-ға дейін (3,4 миллион теңге) ұлғайтылды.
Қарапайым тілмен айтқанда, 2026 жылдан бастап МӘМС жарналарын есептеуге арналған соманың жоғарғы шегі мынадай:

қызметкерлер үшін ең жоғары жарна - айына 34 мың теңге (20 ЕТЖ-ның екі пайызы),
жұмыс берушілер үшін ең жоғары аударым - айына 102 мың теңге (40 ЕТЖ-ның үш пайызы).

2. Еңбекақы төлеу қоры ұлғайды;
3. Төлеушілер базасы кеңейді.

"Түсім қарқынына 2025 жылғы маусымнан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті мен Еңбек министрлігі жүргізген жұмыс әсер етті. Олар жұмыс берушілердің міндетті төлемдерді төлемеу деректерін анықтады", - деп түсіндірді қор өкілдері.

Бұл төлем тәртібін едәуір жақсартып, қызметкерлердің МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ӘМСҚ өкілдері жаңа параметрлердің жұмыс істеп жатқанына небәрі бірнеше ай болғандықтан, олардың жүйе кірісіне тигізетін түпкілікті әсерін ұзағырақ уақыт өткеннен кейін бағалауға болатынын айтты.
Қор мамандары табыстың жоғарғы шегін арттыру жүйені әділетті етеді деп санайды: бұрын табысы жоғары азаматтар салыстырмалы түрде аз төлеп келген. Бұдан бөлек, бұл шара бүкіл МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қолдауы тиіс.
Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС-ті жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова жұмысшылар мен жұмыс берушілер жарна төлейтін табыстың жоғарғы шегін арттыру есебінен ӘМСҚ-на жылына қосымша шамамен 200 миллиард теңге түсетінін айтты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net