Доллар бағамы 2024 жылғы шілде деңгейіне дейін түсті
2 сәуірде Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 472,31 теңге болып, 2,76 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл – доллар 472 теңгеге дейін түскен 2024 жылдың шілде айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми бағамы - бір доллар үшін 475,09 теңге.
Айта кетейік, 2 сәуірде таңертең Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді. kurs.kz, мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы мынадай болды:Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
сатып алу – 469,84 теңге;сату – 472,20 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
сатып алу – орта есеппен 468,04 теңге;сату – 475,04 теңге:
