Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Өскемендегі Балушкиннің бұрынғы көлік зауыты мемлекет меншігіне өтеді

0

Өскемендегі сотталған Анатолий Балушкинге тиесілі болған құрылысы аяқталмаған "Азия Авто – Бипэк Авто" көлік зауыты мемлекетке тегін беріледі. Тиісті лот электронды сауда порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Электронды сауда порталында жаңа лот пайда болды - құрылысы аяқталмаған "Азия Авто Қазақстан" толық циклді көлік зауыты жер учаскелерімен және аумақтағы барлық ғимараттар мен құрылыстармен бірге.
Ол "мемлекеттік заңды тұлғалар" балансына тегін беріледі.
Қазіргі уақытта ол Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің балансында тұр.
e-qazyna.kz порталынан скриншот
Құжаттарда зауыттағы тауарлар мен материалдардың шамамен 124 миллион теңгеге бағаланғаны көрсетілген.
e-qazyna.kz порталынан фото
Жалпы онда 37 мың бірліктен астам мүлік бар: пима, кулер, картинадан бастап, радиатор, цистерна, балға мен плинтустарға дейін.
e-qazyna.kz порталынан фото

"Бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісінің түпкілікті құны, егер бағалау есебі жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаса, мәміле жасау мақсаттары үшін ұсыныстық деп танылуы мүмкін", - делінген құжатта.

Жер учаскелері мен ғимараттың өзі қанша тұратыны туралы айтылмаған. Зауыт нақты қай заңды тұлғаға өтетіні және оны не істейтіні әзірге белгісіз.
"Сауда-саттық" (яғни зауытты беру бойынша соңғы шешім) 7 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
"Бипэк Авто" ісі
2021 жылғы тамызда Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кірген қазақстандық бизнесмен Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. Ол "Азия Авто" АҚ компаниялар тобына иелік еткен.
Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. 2023 жылғы ақпанда Балушкин тергеу әрекеттеріне жария түрде шақырылған. Алайда ол келмеді.
Нәтижесінде 2025 жылы бизнесмен Анатолий Балушкин сырттай 9 жылға сотталды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Іс бойынша екінші фигурант Ерік Сағымбаев дәл осы айып бойынша 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Анатолий Балушкин. Фото: facebook.com/bipek.kz
Сот 2013 жылдан 2020 жылға дейін Балушкин мен оның сыбайласы "Азия Авто – БИПЭК Авто" арқылы 66 миллиард теңге несие алып, оны шығарып жібергенін анықтады.
Активтерді жасыру үшін 2019-2020 жылдары жаңа компаниялар құрылып, мүлік солардың атына рәсімделген. Сонымен қатар, 2020 жылы 3,9 миллиард теңгеге сыйақылар рәсімделіп, жетіспеушілікті жабу көзделген, алайда бұл қаражат қызметкерлерге іс жүзінде төленбеген.
Сондай-ақ 2010 жылдан 2020 жылға дейін компания салықтық жеңілдіктерді пайдаланғаны, бірақ зауытты іске қосу сияқты міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Жеңілдіктер жалған құжаттар арқылы ұзартылған, кейін сот бұл келісімдерді жарамсыз деп таныды.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 173 миллиард теңгеге бағаланды.
Бір жыл бұрын Анатолий Балушкин Шешенстан басшысының көмекшісі, "Ахмат" арнайы жасағының командирі Апти Алаудиновтың Telegram-арнасында жарияланған видеода пайда болды. Бейнежазбада Балушкин "Ахмат" командирінің қарамағына "Пластун" тасымалдағышын тапсырды.
Қазақстан Балушкинді жазасын өтеу үшін Ресейден қайтаруға тырысты. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net