Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Таза Қазақстан: Тараз қаласында 31 мың түп ағаш цифрландырылды

0
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының іске асырылу барысы қаралды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Алтышевтің мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айынан басталған акцияға 15,6 мың адам, сондай-ақ 840 кәсіпорын мен мекеме қатысқан.
Сенбіліктер барысында 29,6 мың түп жасыл желек отырғызылып, ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, 1,1 мың шақырым көше жолдары, 318 шақырым арық жүйелері мен каналдар, сондай-ақ 68,8 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер аумағы тазартылды. Жалпы көлемі 1,3 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.
Көктемгі екі айлық аясында Тараз қаласы мен аудандарда кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылып, 50 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Экологиялық акция басталғалы бері абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластау бойынша 387 дерек тіркеліп, 229,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Полиция департаментінің дерегінше, оның 79,7 пайызы өндірілген.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі – Telegram-ботқа жыл басынан бері 237 өтінім түскен. Оның ішінде 220 өтінім мерзімінде қаралып, 14 өтінім бойынша бас тарту шешімі қабылданған, ал 3 өтінім қаралу үстінде.
Жалпыұлттық акция шеңберінде жасыл желектерді түгендеу және цифрландыру жұмыстары да қолға алынған. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар тек Тараз қаласында жүргізіліп, арнайы taraz.botsad.kz платформасына 31 мың түп жасыл желек енгізілген. Жобаны іске асыру 2026-2028 жылдар аралығында жалғасады. Алайда Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында бұл бағыттағы жұмыстар әлі басталмаған.
Еркін Алтышев өңірдің санитарлық жай-күйіне жүргізілген зерделеу нәтижелеріне тоқталып, анықталған кемшіліктерді атап өтті. Қазіргі таңда оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Өз кезегінде өңір басшысы тазалық мәселесі тұрақты бақылауда болатынын баса айтып, абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
– Сенбіліктер барысында тек орталық көшелермен шектелмей, елді мекендердің шет аймақтарын да қамту қажет. Екі аптадан кейін қайта зерделеу жүргізіледі. Демалыс орындары, теміржол және автожол бойындағы сервистік нысандардың тазалығы қатаң бақылауда болуы тиіс. Тараз қаласы мен аудан әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет. Алдағы уақытта нақты баға берілетін болады, – деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ ол жасыл желектерді түгендеу мен цифрландыру жұмыстары тал-дарақтарды күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Сообщение Таза Қазақстан: Тараз қаласында 31 мың түп ағаш цифрландырылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net