Сәтсіздік – табысқа апарар баспалдақ.
Сәтсіздік — табысқа апарар баспалдақ
Адам өмірінде өзгерістер жиі орын алады. Бұл өзгерістер көбіне сәттілік пен сәтсіздікке байланысты. Екі ұғым да адамның тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сәттілік туындаған сәтте — қуанып, мақтанамыз, ал сәтсіздікке ұшырасақ — мұңайып, кейде тіпті үмітімізді үземіз.
Алайда сәтсіздік — тығырық емес, мүмкіндік. Ол бізді көбірек еңбектенуге, бар ынтамызды салып жұмыс істеуге итермелейді. Атақты Кристиан Боуви айтқандай: “Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.”Өзіне сеніп, тек сәттілікке жол тартқан адам әрқашан тығырықтан шыға алады.
Өз басым, өмірде сәтсіздіктерге жиі ұшыраймын. Бірақ әр кезде қателерден сабақ алып, жұмысымды жалғастыруға тырысамын. Себебі бұл — менің болашағым үшін, табысымды...
