Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ипотека бойынша жаңа мөлшерлеме - Ұлттық банк шілдеден бастап нені өзгертеді?

0

Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәсілін өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Tengri Home.
Оның сөзінше, жоғары мөлшерлемелерге қарамастан, нарықтық ипотекаға қызығушылық төмендеп жатқан жоқ.

"Біз айтарлықтай төмендеуді байқап отырған жоқпыз. Ипотека екі таңбалы қарқынмен өсуді жалғастырып жатыр", - деді Сүлейменов.

Сонымен қатар ол қазіргі ипотекалық несиелердің мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін елеулі тәуекел тудыратынын айтты.

"25 пайызбен ипотека — бұл өте қауіпті. 10 жыл ішінде артық төлем шамамен үш есе болады. Біз қаржылық тұрақтылықтың бұзылуына және азаматтардың қарызға батуына жол бермеуіміз керек", - деді Ұлттық банк басшысы.

Осыған байланысты реттеуші жаңа реттеу тетігін әзірлеп жатыр.

"Біз дәлірек тетік әзірлеуді шештік, қазір тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол біз ойлағаннан да күрделірек болып шықты", - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, өзгерістерді жақын уақытта енгізу жоспарланып отыр.

"1 шілдеден бастап жаңа ЖТСМ - ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі енгізіледі", - деді ол.

Мән-жайы
Наурызда Қазақстанда ипотека мен кредиттер бойынша жаңа ережелер пайда болатыны хабарланған еді. Ұлттық банк қарыз алушылар үшін тәуекелд азайту және кредиттеуді реттеу бойынша қосымша шаралар дайындап жатыр. Бұл туралы бұған дейін төраға Тимур Сүлейменов айтты.
Мәселе 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа көрсеткіштерді — борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) және борыштық тәртіп коэффициентін (БТК) енгізу туралы болып отыр, олар қарыз алушылардың табысы мен төлем қабілеттілігін ескереді.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, банктер азаматтардың расталған табысына, соның ішінде зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарға сүйенуі тиіс. Бұл қарыз алушының нақты қаржылық мүмкіндігін ескермей несие берілетін жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бас банк өкілдері жаңа шаралар проблемалық берешектің өсуін болдырмауға және қаржылық тұрақтылықты қорғауға бағытталғанын айтты. Бұл ретте азаматтар үшін қатаң шектеу енгізу жоспарланбаған.
Тағы нені білу керек?
2025 жылғы желтоқсанда Қазақстанда кредиттеу ережесіне енгізілетін өзгерістер талқыланған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова реттеуші ипотекалық кредиттеу жүйесін реформалауға дайындалып жатқанын хабарлаған еді.
Ұсынылған тұжырымдамаға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі сараланады — бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, несие бойынша пайыз соғұрлым төмен болады. Бастапқы жарна 30 пайыз және одан жоғары болған жағдайда мөлшерлеме төмен болады, ал бастапқы жарна аз болған жағдайда — жоғары болады, бұл тәуекелді қарыздарды ынталандырмау үшін жасалады.
Сонымен қатар, нарықтық мөлшерлемелер бойынша ипотеканы тек табысы орташа деңгейден жоғары азаматтар ала алады. Ал табысы төмен қарыз алушылар үшін ипотекалық бағдарламаларды "Отбасы банк" арқылы ұсыну жоспарланып отыр.
Әбілқасымованың айтуынша, мұндай шаралар халықтың борыштық жүктемесін азайтуға және ипотекалық кредиттеу нарығының "қызып кетуінің" алдын алуы тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net