Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақтөбедегі теракт - іс бойынша сотталған үш адам колонияда қайтыс болған

0

Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға Қазақстанды дүр сілкіндірді. Экстремистер тобы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасап, салдарынан 25 адам қаза тапты. Террористердің бір бөлігі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, қалғандары ұзақ мерзімге сотталды. Сотталғандардың тағдыры қалай болғанын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Теракт хронологиясы
2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде бір топ радикал бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Олар алдымен "Паллада" қару-жарақ дүкеніне басып кіріп, сатушыны өлтіріп, күзетшіні жаралады, содан кейін қаруды иемденіп кетті.
Террористердің қолына кемінде 17 атыс қаруы (үш ойық ұңғылы және 14 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы), үш газ тапаншасы, патрондар мен пышақтар түсті.
Шабуылдан бір сағат өткен соң қаруланған қылмыскерлер екі топқа бөлінген.
Әлеуметтік желілерден алынған фото
Бір топ ұрланған патрульдік көлікпен "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Онда олар екі келушіні пышақтап, соның салдарынан біреуі қаза тапты, екіншісі аман қалды.
Видеодан алынған кадр
Полиция келген кезде атыс басталды. Шабуылдаушылардың үшеуі оқиға орнында көзі жойылды, біреуі жараланып қолға түсті, тағы екеуі қашып кеткенімен, кейін олар да табылып, жойылды.
ІІМ баспасөз қызметінің фотосы
Дәл осы уақытта радикалдардың екінші тобы маршруттық автобусты басып алып, жолаушыларды түсіріп жіберген де, сол көлікпен Ұлттық ұланның әскери бөлімінің аумағына басып кірген. Онда әскерилер мен полиция қызметкерлері арасында атыс болды. Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісі қаза тауып, алты адам жараланды.
Видеодан алынған кадр
Қалада ауқымды арнайы операция басталды. Қоғамдық көлік тоқтатылып, тұрғындардан көшеге шықпау сұралды, байланыс пен интернет үзіліспен жұмыс істеді. Қазақстанда 40 тәулікке террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізілді.
Шабуылдардың салдарынан жалпы жиыны 25 адам қаза тапты. Қаза болғандар арасында 4 бейбіт тұрғын, 3 әскери қызметші және күш құрылымдарының операциясы кезінде көзі жойылған 18 террорист бар.
6 күннен кейін, 12 маусымда барлық террористер ұсталды. Атышулы іс бойынша үкімді Ақтөбе соты шығарды.
Сот қандай үкім кесті?
Лаңкестік әрекеті үшін 9 негізгі қатысушы сотталды. Тағы 20 адам шабуылдарға тікелей қатыспағаны үшін жеңілдеу жаза алып, кінәлі деп танылды. Іс бойынша жалпы 29 адам сотты болды.
Тергеу мен сот шабуылдың тікелей қатысушылары деп таныған жеті адам — Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Әнуар Сәдіхов, Жанабай Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Арсен Таңатаров және Асхат Рахметов — өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Тағы екі қатысушы - Айдос Жұбанов пен Азамат Әбдірахманов тиісінше 25 және 22 жылға колонияға тоғытылды.
Үкім оқылу кезінде сот ғимаратын қаруланған арнайы жасақ күзетті. Іргелес жатқан аумақ толығымен қоршауға алынды.
Tengrinews.kz редакциясы ресми сауал жолдап, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен сотталғандардың қазір қайда екенін, олардың жұмыс істейтін-істемейтінін және немен айналысатынын білмек болды. Біздің сұрақтарымызға жауап берілмегенімен, үш сотталушының қайтыс болғаны туралы хабарланды.

"Сотталғандар Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев, Асхат Рахметовтің қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net