Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Прокурор ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

0

Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 наурызда жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Еске салайық, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары ірі көлемде алаяқтық жасау және ірі көлемде пара алу бойынша айыпталып жатыр.

Сонымен қатар, прокурор Toyota Camry автокөлігін тәркілеуді, Жақсылық Омарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, "Құрмет" орденінен айыруды сұрады.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы, келтірілген шығынды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы аталды.

Сот отырысы барысында сотталушы Жақсылық Омар шын жүректен өкінетінін және тергеу изоляторында отырған уақытта болған жағдайды ой елегінен өткізгенін айтты.

Айта кетейік, Жақсылық Омарға екі бап - "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға жасаған ірі көлемдегі алаяқтық" және "Лауазымды тұлғаның ірі көлемде пара алуы" бойынша айып тағылған.

Алдыңғы сот отырысында прокурор екі эпизод бойынша айыптау актісін оқыды. Бірінші эпизод Жақсылық Омардың Өскемен әкімі болған кезеңіне қатысты.

Тергеу нұсқасы бойынша, жәбірленуші ретінде танылған адам біреудің өтінішімен қалалық кәсіпорындардың бірінен материалдық көмек ретінде автокөлік алу үшін өтініш рәсімдеген. Нәтижесінде ол 2021 жылы шығарылған Toyota Camry 75 көлігін алған. Кейін, оның айтуынша, ол көлікті әкімдік ғимаратына жеткізіп, кілтін тапсырып, содан кейін оны қайта көрмеген.

Кейін автокөлік үшінші тұлғаның атына рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңсына айырбасталған, тергеу дерегі бойынша, оны айыпталушы пайдаланған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 13 миллион теңгеге бағаланған. Осыған байланысты Жақсылық Омарға ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша айып тағылды. Алайда сотта жәбірленуші шығын өтелгенін және ешқандай талабы жоқ екенін айтты.

Екінші эпизод ақпанның басында болған. Іс материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар қала әкімдігі қызметкерлерінің бірімен кездесуде одан 20 миллион теңге әкелуін сұраған. Айыпталушының айтуынша, бұл талаптан гөрі өтініш болған. Алайда айыптау тарапы мұны жалпы қамқорлық көрсеткені үшін пара алу ретінде саралаған.

Әкімдік қызметкері мұндай әрекеттердің заңсыз екенін түсініп, ҰҚК-ге жүгінген. Арнайы қызметтердің бақылауымен ол Жақсылық Омармен қайта кездесіп, соманы бөліп төлеуді ұсынған, ол келісім берген. Сол күні үшінші тұлға арқылы күдіктіге алты миллион теңге қолма-қол берілген.

Еске салайық, 2026 жылғы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол кезде ШҚО әкімдігінің өкілдері бұл туралы мәлімет жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ "әкім орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғаны" хабарланған еді.

Сол кезде Tengrinews.kz тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысқан, алайда ол қоңырауға жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net