Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Рахат Тұрлыханов әйелімен жанжалдан кейін қылмыстық істен жалтаруға тырысты

0

Танымал бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалдан кейін іс материалдарын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеруге жолдаған әкімшілік сот қаулысына шағымданбақ болды. Алайда оның әрекетінен нәтиже шықпаған: сот шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы прокуратурасы бастапқы кезеңде материалдың әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралғанын түсіндірді.

"Әкімшілік соттың қарау қорытындысы бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сот қаулысына шағым түсірілгенімен, апелляциялық инстанция оны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдырды", - деп жауап берді ведомство өкілдері редакцияның ресми сауалына.

Прокуратура қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу тәртібімен процестік шешім қабылдау үшін материалдар Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жолданғанын атап өтті.

"Қылмыстық іс қозғау мәселесі қазіргі уақытта шешілу сатысында", - деді Алматы прокуратурасы өкілдері.

Еске салсақ, 15 наурызда БАҚ беттерінде қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Редакция сауалына жауап берген Алматы ПД әншінің жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлады. Ведомство тексеру барысында әйелдің бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқанын, бірақ кейін ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал дерегі бойынша арызданғанын атап өтті.
Қарау нәтижесі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
16 наурызда сот Рахат Тұрлыхановтың ісін қарады. Тыңдаудан кейін сот іс жүргізуді тоқтатып, іс материалдарын оның әйелінің алғашқы шағымын ескере отырып, прокуратура мен полиция бөліміне қарауға жіберді.
Айта кетейік, 2024 жылы 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалға қатысты іс қарауға қабылданған. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.
Алайда сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановқа қатысты жаза бап санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді.
Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай жағдайға қатысты пікір білдірді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net