Дорамалардағы өмір шынайы өмірге қаншалықты ұқсайды
«Дорамалардағы өмір шынайы өмірге қаншалықты ұқсайды?»
Дорама - жапондықтардың телехикаялары. Кейінде ол ұғымды корейлердің (Оңтүстік Корея), қытайлар, жапондардың және тайвандықтардың телехикаяларының барлығына қолдана бастады. Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр - әрине,романтикалық, яғни махаббат жайлы дорама.
Дорама ұғымы манга және аниме ұғымдарымен тығыз байланысты, себебі сол манга мен анимелерден алынған оқиғалардан дорама түсіріледі. Ол дорамаларда Шығыс Азияның танымал адамдары, Шығыс Азия елдерінің шоу-бизнесінің атақты жұлдыздары, әртістері, актерлері, әншілері және атақты тұлғалары түседі. Солайша біз анимені тірі кейіпкерлермен, сол кейіпкердің рөлін орындайтын сүйікті актерларымызды көре аламыз, бірақ көп жағдайда дорамалар манга немесе...
