Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Түркістан облысында қызметтік “ардагер“ иттер 561 теңгеден сатылып жатыр

0

Түркістан облысында "зейнетке" шыққан қызметтік иттер электрон сауда порталы арқылы сатылып жатыр. Барлығы 12 жануар сатылымға шығарылған. Бір иттің құны небәрі 561 теңгеден басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?Қорғаныс министрлігіне қарасты "Қазспецэкспорт" мемлекеттік кәсіпорны 12 қызметтік итті электронды аукционға шығарды.

Олардың арасында Лео, Мерген, Марика, Май, Марси, Мавр, Малька, Малыш, Марчи, Мангул, Минти және Мрак есімді неміс және бельгиялық овчаркалар бар.

Барлық жануарлардың жалпы құны - 12 082 теңге.sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншот

Мәселен, Мавр есімді бельгиялық овчарка мынадай:

Фото sauda.e-qazyna порталынан алынды

Ал Лео есімді неміс овчаркасы мынадай:

Фото sauda.e-qazyna порталынан алынды

Сауда сейсенбі - 31 наурызда сағат 10:00-де аяқталады.

Толығырақ

Иттерді саудаға шығармас бұрын олар тексеріліп, бағаланған. Құжаттарға сүйенсек, барлық жануардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп танылған, бірақ олар "арық" деп сипатталған.sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншотҚызметтік овчаркалар 10 жасқа таяған (олар 2015–2016 жылдары туған). Әрқайсының инвентарлық нөмірі мен құжаттары, соның ішінде ветеринарлық паспорттары мен чиптері бар.

Иттер сатылымға ең төменгі бағамен, іс жүзінде есептен шығарылған мүлік ретінде қойылған. Олардың бағасы 561 теңгеден 1 631 теңгеге дейін.sauda.e-qazyna порталынан алынған скриншот"Қазспецэкспорт" бұны қалай түсіндірді?"Қазспецэкспорт" РМК бұған дейін қызметтік иттер мемлекеттік мүлік болып саналатынын, сондықтан оларды жай ғана біреуге бере салуға немесе есептен шығара салуға болмайтынын түсіндірген еді. Кәсіпорын мәліметінше, сатуға балама - ұйықтатып тастау, сондықтан олар адамгершілікке жататын жолды таңдап, иттерді саудаға шығаруды жөн көрген.

Иттер енді қызметтік емес, жасы келген жануар ретінде бағаланатындықтан, оларға төмен баға қойылған көрінеді. Бұл ретте кинологтар иттерді тегін ала алмайды - бұл мемлекет мүлкін заңсыз иемдену болып саналады. Сондықтан жануарды өзінде қалдырудың жалғыз жолы оны аукцион арқылы сатып алу.

Нәтижесінде, компания мәліметінше, көбіне иттерді қызметі аяқталғаннан кейін кинологтар мен ветеринарлар өздері сатып алады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net