Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

“Келіспесе, сотқа жүгіне алады“ - аудан әкімі Алматыда тұрғын үйлерді бұзу кезіндегі өтемақы туралы

0

Мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын жер телімдері мен құрылыстардың бағаланған құнына көңілі толмағандар өтемақы мөлшерімен келіспесе сотқа жүгіне алады. Бұл туралы брифингте Алматыдағы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев Самғау ықшамауданы Аршалы көшесіндегі сүру жұмыстары туралы сұраққа жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды TengriHome.
Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту туралы шешім 2021 жылы қабылданған болатын. Сол кезде көшені тоғыз шақырымға дейін ұзарту қажеттігі айтылған. Бұл жоспар 2023 жылы мегаполисті дамытудың жаңа бас жоспары қабылданғаннан кейін нақты жобаға айналды. Бастапқыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына шығатын тағы бір жолды 2040 жылға қарай салу жоспарланған. Алайда 2024 жылы тұрғындар үйлерінің әлдеқайда ертерек бұзылатынын білді. Нәтижесінде салынатын көше тағы бір жарым шақырымға ұзартылып, тек бірінші кезеңнің өзінде 111 учаске сүрілетін болды.

Самғау ықшамауданының тұрғындары магистральді басқа көшелер арқылы жүргізуді ұсынды, олардың пікірінше бұл жағдайда аз үй бұзылар еді.
Аршалы көшесіндегі жер телімдерінің иелері қаланы дамытуға қарсы емес, бірақ үйлері үшін ұсынылған өтемақы көшуге жеткіліксіз деп отыр. Журналистердің айтуынша, жер иелеріне әр сотық үшін бес миллион теңге, үйлер үшін 11–14 миллион теңге ұсынылған. Сондықтан кейбір тұрғындар ақшаның орнына басқа тұрғын үй алғысы келеді.

"Бұл соманы аудан әкімдігі есептемейді. Егер тұрғындар өтемақы мөлшерімен келіспесе, сотқа жүгініп, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана алады", - деді брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі кейінірек заңнамада мемлекет қажеттіліктері үшін үйлерді бұзу кезінде бір тұрғын үйді екіншісіне айырбастау қарастырылмағанын түсіндірді. Алынатын жер телімдері үшін тек ақшалай өтемақы беріледі. Оның мөлшерін тәуелсіз бағалаушылар есептейді.
Сонымен қатар, аудан әкімі 2026 жылғы қыркүйектің соңына дейін Рысқұлов даңғылынан төмен Саин көшесінде қозғалыс ашылатынын уәде етті. Оның айтуынша, нысанның дайындығы шамамен 70 пайыз. Қазірдің өзінде асфальт төсеу және жол негізін нығайту бойынша негізгі жұмыстар аяқталған.
Қазір Алатау ауданы — Алматыдағы ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Мұнда жаңа теміржол вокзалы салынып, Алматы-I және Алматы-II вокзалдарындағы жүк жүктемесінің негізгі бөлігін өзіне алады. Бүгінде қаладағы өнеркәсіп өндірісінің үштен бірінен астамы осы ауданда қалыптасып отыр.
Еске салайық, Алатау ауданы 2008 жылы Алматы облысынан қосылған аумақта  құрылған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net