Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Қазақстанда жүргізушісіз автомобильдер мен дрондар пайда болады - мерзімі аталды

0
Қазақстанда жүргізушісіз автомобильдер мен жеткізуші дрондарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы 31 наурызда өткен үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Оның сөзінше, пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

"Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі - 2026 жылдың екінші тоқсаны", - деді Мәдиев.

Бұдан бөлек, елде жеке бастама аясында жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

"Бұл бастамалар қалалық мобилділік пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды ол.


Пилотсыз такси
Биылғы наурызда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстанда пилотсыз аэротаксилерді енгізу жоспары туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, мұндай аппараттар сағатына 300 шақырымнан аса жылдамдықпен ұша алады және жолаушыларды, мысалы, Алматы әуежайынан Медеуге дейін небәрі 10-12 минутта жеткізеді.
Бозымбаев Қазақстан қазірдің өзінде америкалық Joby компаниясынан аэротакси сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын, бірақ бастапқы кезеңде қытайлық өндірушілермен ынтымақтастық жоспарланғанын айтты. Алдағы уақытта өндірісті ел ішінде жолға қою мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Ол Қазақстанның артықшылығы ретінде еркін әуе кеңістігі мен құрылыс тығыздығының салыстырмалы түрде төмендігін атап өтті, бұл мұндай технологияларды енгізуді жеңілдетеді.
Вице-премьердің айтуынша, аэротаксиді жолаушыларды да, жүктерді де тасымалдау үшін пайдалануға болады. Ұшу мен қонудың нақты кестесін, сондай-ақ нормативтік базаны әзірлеу жоспарланған. Тиісті ережелерді биыл бекіту көзделіп отыр.
Жоба туристік әлеуетті дамытудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Болжам бойынша, өңірдегі туристер ағыны 8 миллион адамға жетуі мүмкін, сондықтан аэротаксилерді енгізу Алатау мен Алматыны қоса алғанда, негізгі лоциялардың қолжетімділігін арттыруы тиіс.
Аэротакси пилоттық жобасы алдағы 2-3 жылда іске қосылады.
Пилотсыз авто
2025 жылғы желтоқсанда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстан қазір пилотсыз көліктерге арналған инфрақұрылымды дайындап жатқанын айтты. Оның сөзінше, e-Joldar жүйесі аясында жолдардың цифрлық паспорты жасалып жатыр, бұл болашақта автономды автомобильдерді енгізуге жол ашады.
Ол жолдар ондаған жылға есептеліп салынып жатқанын, сондықтан жобалау кезінде пилотсыз көліктерге арналған стандарттар ескерілетінін хабарлады. Министрдің бағалауынша, 2036 жылдан 2040 жылға дейін жүк тасымалы электр және пилотсыз автопоездарға ауысуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткізу пункттерінде пилотсыз жүк көліктерін пайдалану бойынша пилоттық жобаны қарастырып жатыр. Бұл адами факторды жою есебінен тасымалдауды бірнеше есе жеделдетіп, құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, пилотсыз жүк көліктеріне қатысты алғашқы ірі жобалар 2027 жылы басталуы мүмкін. Сондай-ақ пилотсыз таксилер мен аэротаксилерді іске қосу үшін заңнамалық база дайындалып жатыр.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net