Томирис пен Мұхаммед. Алматыда жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды
Алматыда 2026 жылдың басынан бері нәрестелерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Life.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, 2026 жылы мегаполисте 8 900 нәресте тіркелген, оның 4 653-і - ұл, 4 247-сі - қыз.Қандай есімдер жиі қойылған?
Жаңа туған қыз балаларға ең көп қойылған есімдер тізіміне Айлин, Асылым және Томирис кірсе, ұлдар арасында Мұхаммед, Алан және Әлихан көп таңдалған.
Сондай-ақ мына есімдерге де сұраныс жоғары:ұлдарға:
Әли;Әлем;
Рамазан;Әмір;
Айсұлтан;
Хамза.
қыздарға:
Медина;
Сафия;
Айым;Әдия;
Аяла.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ата-аналар қазақы дәстүр мен заманауи трендтерді ұштастыруға тырысады.
"Бүгінде ата-аналар есім таңдау кезінде ұлттық дәстүр мен заманауи үрдістерді біріктіруге тырысады. Қазір мағынасы терең, айтылуы оңай әрі естуге жағымды есімдер жиі таңдалады. Бұл ұлттық бірегейлік пен заманауи трендтердің үндесуін көрсетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
