Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Атырау маңында дрон бөлшектеріне ұқсас зат табылды

0

Атыраудан шамамен 7 шақырым жерде жанып жатқан дрон бөлшектеріне ұқсас зат табылды. Дронға ұқсас аппараттың жанып жатқанын тұрғындар полицияға 27 наурызда таңертең хабарлаған. Дронның табылғаны туралы ақпарат 29 наурызда тарады.

Жергілікті полиция ақпаратты растады.

“Атырау облысының полиция департаменті өкілетті қызметпен бірге дронның бөлшектеріне ұқсас заттарды анықтау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерден табылған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр” деп хабарлады полиция өкілдері.

Желіде тараған видеода аппараттың жанып жатқаны көрінеді. Оқиға орнынан қозғалтқыш пен көміртек талшықтарынан әзірленген бөлшектер табылған деп айтылады.
Бірнеше күн бұрын ғана Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы аумағында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас зат табылған еді.
Былтыр БҚО аумағынан бірнеше рет дрон қалдықтары табылған еді.
2025 жылғы 18 ақпанда Бөкейорда ауданы Ұялы ауылы маңында тұрғындар ресейлік Орлан-10 дронына ұқсас ұшатын аппарат тауып алған. Әдетте мұндай дрондар жер бедерін қашықтан бақылау, соның ішінде жер мен су айдындарын барлауға қолданылады және ұялы телефон сигналын анықтай алады.2025 жылғы 18 наурызда Тасқала ауданы Атамекен ауылының тұрғындары дрон табылғанын хабарлады. Бұл жолғы дрон, куәгерлердің айтуынша, алдыңғымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен – ұзындығы шамамен үш метр болған. Яғни түрі мен мақсаты жағынан алдыңғы құрылғыдан айырмашылығы бары аңғарылады.24 наурызда Жәнібек ауданында үшінші оқиға тіркелді – бұл жолы дронға тиесілі деп есептелетін сынықтар табылған.2025 жылғы 23 қазанда Ресеймен шекараға жақын Ақсай қаласының шетінде дрон апатқа ұшырап, жарылды. "Уральская неделя" басылымы сол күні таңертең көрші Ресейдің Орынбор облысында дрон шабуылына байланысты әуе шабуылының дабыл белгісі қосылғанын және Орынбор мен Орск әуежайларында ұстау жоспары жарияланғанына назар аударған.Қоғам наразылығына қарамастан, билік бұл оқиғалар жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат бермеді. Қазақстанның қорғаныс министрлігі барлық оқиға тергеліп жатқанын ғана мәлімдеді. Оған қоса қорғаныс вице-министрі Хасан Жазықбаев журналистер сұрағына берген жауабында "арандатушылыққа жол бермеуге" шақырды, бірақ нені меңзеп отырғанын нақтыламады.
Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас аудандары аумағына бұрын да әскери нысандар құлайтын. Мысалы, бірнеше рет зымыран сынықтары табылған. Ресейдің Қазақстанмен шектесетін Астрахань облысында "Капустин Яр" әскери жаттығу полигоны орналасқан. 2018 жылы Батыс Қазақстан аумағына құлаған заттардың бірі кейінірек дәл осы сынақ полигонынан ұшырылған зымыран сынығы екені анықталған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net