Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Наурыз туралы теріс пікірлер мен алауыздықты қоздыру: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

0

Бас прокуратура қазақстандықтарды пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформалар мен өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, атап айтқанда, жекелеген адамдардың ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрып пен тек елімізде емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлар тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүр мен әдет-ғұрыптың өздерінің жалған діни догмаларымен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген.

Мұндай мәлімдемелер Қазақстанның өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың беделін түсіреді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, Бас прокуратура журналистердің, блогерлер мен ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
Бас прокуратура, масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырды.
Заңнамадағы жауапкершілік
Қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады ("Көрінеу жалған ақпарат тарату", айыппұл салудан бастап, бірден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады - еск.).
Ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қылмыстық кодекстің 174-бабының ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл салудан бастап, екіден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады - еск.). Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Қазақстандықтарға үндеу
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады. Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайды.
Еске салайық, Алматы облысында Наурыз мейрамы туралы даулы видео жариялаған блогер ұсталды. Роликте ол бұл мейрам Қазақстанда тойланбауы тиіс екенін айтып, оны "мұсылманша емес" деп атаған. Ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net