Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік: журналистің медиа сауаттылығы неге маңызды?
Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік: журналистің медиа сауаттылығы неге маңызды?
Біз көбіне сауатты адам дегенде әріп танып, оқып, жаза алатын тұлғаны елестетеміз. Расында, мектеп табалдырығын аттаған әр бала осы дағдыларды меңгереді. Алайда бүгінгі ақпараттық қоғамда бұл жеткіліксіз. Ең маңыздысы – оқыған ақпараттың мәнін түсіну, оның астарын ұғынып, жалғанды шыннан ажырата білу. Осы тұста «медиасауаттылық» ұғымы алдыңғы қатарға шығады.
Журналистердің шынайы дерек пен жалған ақпаратты, пайдалы мазмұн мен зиянды мәліметті, сондай-ақ бейтарап тіл мен өшпенділікке толы сөздерді ажырата алмауы қоғамда түрлі жағымсыз құбылыстардың пайда болуына әкеледі. Мәселен, бұрмаланған ақпарат ұлтаралық шиеленістерге, зорлық-зомбылыққа, жеке тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіруге, тіпті қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін....
