Жер сағаты — экологияға жасалған ортақ қадам
Жер сағаты — 2007 жылы Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры бастамасымен Австралияның Сидней қаласында алғаш рет өткізілген халықаралық экологиялық акция. Алғашқы жылы бұл бастамаға шамамен 2,2 миллион адам қатысып, бір сағатқа жарықты өшірген. Уақыт өте келе акция ауқымы кеңейіп, бүгінде ол 190-нан астам елде өткізіліп келеді. Жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде, жергілікті уақыт бойынша 20:30–21:30 аралығында адамдар мен ұйымдар жарықты сөндіріп, табиғатты қорғауға үн қосады.
Жер сағатының басты мақсаты — Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның ластануы сияқты жаһандық мәселелерге қоғам назарын аудару. Бұл акция тек символдық сипатқа ие болғанымен, оның әсері өте ауқымды. Мысалы, 2018 жылы Жер сағатына 188...
