Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Жамбыл облысында екі жаңа өндіріс орыны іске қосылды

0
Жамбыл облысында «Alit Holding» ЖШС-ның мәрмәр ұнтағын және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру желілері ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, кәсіпорын басшылары мен серіктестері қатысты.
Нұржан Календеров құттықтау сөзінде «Alit Holding» ЖШС-ның жобасы өңір экономикасын әртараптандыруға, отандық өндірісті дамытуға және құрылыс саласының тиімділігін арттыруға серпін беретінін атап өтті.
Alit Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында 1996 жылдан бері қызмет етеді. Жаңа екі өндіріс ошағы компанияның Тараз қаласындағы гипс өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік алаңында іске қосылды.
Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт жылына шамамен 150 мың тонна өнім шығара алады. Бұл дайын өнім жыл сайын 70 мың пәтерді жөндеуге мүмкіндік береді.
Мәрмәр ұнтағын өндіретін желі компанияға шикізаттан бастап дайын құрылыс материалдарына дейінгі толық өндіріс циклін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 120 мың тоннаға дейін өнім дайындалады.
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, екі өндіріс желісіне салынған инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрайды. Зауыт толық автоматтандырылған, бұл өнім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа желілердің іске қосылуы 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады, ал дайын өнім еліміздің барлық аймағын қамтып, көршілес мемлекеттерге экспортталуы жоспарланған.
Айта кетейік, Жамбыл облысында құрылыс индустриясы қарқынды дамып келеді. Аймақтағы 130-дан астам кәсіпорынның табысты еңбегінің арқасында 2026 жылдың алғашқы екі айында өндіріс көлемі 15,6 млрд теңгеге жетті.
2026 жылы өңірде 471 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылып, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында 2026–2029 жылдарға жоспарланған жалпы құны 5,6 трлн теңгенің 116 ірі жобасы бар.

Сообщение Жамбыл облысында екі жаңа өндіріс орыны іске қосылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net