Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

“Бұл – әскери операция“: Трамп Конгрестің мақұлдауын қажет етпейтінін мәлімдеді

0

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс соғыс емес екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл - әскери операция, сондықтан оған Конгрестің мақұлдауы қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Майамиде өткен болашақ инвестициялар бастамасына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде айтты. Трамп Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды әскери операция деп атағанды жөн көретінін атап өтті.

"Егер бұл әскери операция болса, маған мақұлдау қажет емес. Егер бұл соғыс болса, онда Конгрестің мақұлдауын алу керек. Сондықтан мен мұны әскери операция деп атаймын", - деді ол.

Бұған дейін CBS News Трамп Иранмен қақтығысты "соғыс" деп атаудан бірнеше рет бас тартқанын жазды.
Өкілдер палатасының республикалық қанаты ұйымдастырған қаражат жинау шарасында ол "соғыс" сөзін қолданбайтынын айтты.

"Мен "соғыс" сөзін қолданбаймын, өйткені "соғыс" сөзін қолдансаң, бұл онша дұрыс емес деп айтады. Оларға "соғыс" сөзі ұнамайды, өйткені оны жүргізу үшін мақұлдау қажет деп есептеледі. Сондықтан мен "әскери операция" сөзін қолданамын, ал шын мәнінде бұл - соғыс", - деді ол.

Бұған дейін ол журналистерге бұл қақтығысты "бізді соғыстан сақтап қалатын уақытша шара" деп қарайтынын айтқан болатын. Ол Иранмен соғыс қысқа мерзімді қақтығыс екенін және оның жуық арада аяқталады деп үміттенетінін жиі мәлімдеген.
АҚШ Конституциясына сәйкес, соғыс жариялау құқығы Конгреске тиесілі. Ал президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады. 1970-жылдары қабылданған Әскери өкілеттіктер туралы заң, әдетте, егер Конгресс күш қолдануға санкция бермесе, әскери әрекеттерді 60 күнмен шектейді.
Демократтар Трамп Иранға соққы жасаған кезде Конгрестің алдын ала мақұлдауын алмай, заңды негізсіз әрекет етті деп есептейді. Сондай-ақ, олар Иран АҚШ үшін "тікелей төнген" қауіп болды дегенге күмән келтіреді.
Соғыс басталғалы бері Сенаттағы демократтар Конгресс рұқсат бермесе, АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылын тоқтату туралы үш рет дауыс берген, алайда бұл бастамалар негізінен республикашылдардың қарсылығына байланысты өтпей қалған.
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғысты 28 ақпанда бастады. Басталғанына бір ай өткен соң, бұл қақтығыс өңірлік текетіреске ұласу қаупін күшейтті - Йемен хуситтері Иран жағында соғысқа араласуға дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін БАӘ мен Сауд Арабиясы да АҚШ пен Израиль жағына қосылуы мүмкін екенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net