Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

0

Барселонада 25 жастағы Ноэлья Кастильо өмірден өтті. Бірқатар ауыр оқиғаны бастан кешірген қыз сал болып қалып, эвтаназия жасау құқығына қол жеткізген еді. Оның оқиғасы қоғамда қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Ноэлья өз өмірі туралы Испанияның Antena 3 телеарнасындағы Y ahora Sonsoles ток-шоуына берген сұхбатында айтып берді. Ол өз өлімін жеделдету туралы шешім қабылдау себептерін түсіндірген.
Жасөспірім кезінен бастап оның өмірі оңай болмаған: 13 жасында ата-анасы ажырасып, кейін ол балалар үйіне түскен. Қыз психиатриялық ем қабылдап, оған обсессив-компульсив бұзылыс (ОКБ) және шекара-тұлғалық бұзылыс диагнозы қойылған.
Оның айтуынша, 2022 жылы клубта бір топ адам оны зорлап кеткен. Кейін қыз балконнан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда бұл әрекет ауыр салдарға әкеліп, ол белінен төмен сал болып, мүгедектер арбасымен қозғалатын күйге түскен.
Сондай-ақ, ол бірнеше жыл қарым-қатынаста болған бұрынғы серіктесі тарапынан да зорлық көргенін мәлімдеген.

"Отбасымның ешқайсы эвтаназияны қолдамайды. Бірақ осы жылдар бойы бастан өткерген барлық азабыммен қалай өмір сүруім керек?" - деген еді ол.

Испанияда эвтаназия қалай жүзеге асады?
Испания эвтаназияны 2021 жылы заңдастырып, Еуропалық одақта мұны заңмен рұқсат еткен алғашқы елдердің бірі болды.
Рұқсат алу үшін науқас бірнеше кезеңнен өтуге тиіс:

арасы кемінде 15 күн болатын екі жазбаша өтініш беру;тәуелсіз медициналық тексеруден өту;өңірлік комиссияның мақұлдауын алу.

SkyNews мәліметінше, заң қабылданар алдында жүргізілген сауалнамалар бойынша, ел тұрғындарының шамамен 90 пайызы оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қолдаған.
Отбасының сот дауы
Ноэльяның эвтаназия жасау құқығы ұзаққа созылған сот дауларының нысанына айналды. Оның әкесі Джеронимо Кастильо қызы психикалық бұзылыстарына байланысты саналы әрі салмақты шешім қабылдай алмады деп есептеген. "Христиан заңгерлері" ұйымының қолдауымен ол бұл құқықты сотта даулауға тырысқан.Іс Испанияның Конституциялық сотына дейін жетіп, ақырында сот оның уәждерін қанағаттандырмай, ешқандай заңбұзушылық анықтамаған. Еуропалық адам құқықтары сотына жүгіну әрекеттері де нәтиже бермеген.

"Ол менің шешімімді құрметтеген жоқ және ешқашан құрметтемейді", — деген еді қыз.

Соңғы күндері мен шешімі
Ноэлья эвтаназияға рұқсатты 2024 жылы алған, алайда сот дауларына байланысты рәсім кейінге шегерілген.
Сот процестері аяқталғаннан кейін оған эвтаназия өткізу күні белгіленді: 2026 жылғы 26 наурыз, Испания уақыты бойынша сағат 17:00.
Осыдан аз уақыт бұрын ол соңғы сұхбатын берген.

"Ақыры бұған қол жеткіздім. Енді, бәлкім, шынымен тыныштала алатын шығармын", — деген ол.

Сонымен қатар, ол өз оқиғасының ешкімге үлгі болғанын қаламайтынын ерекше атап өткен.
Бұл оқиға неге көпшіліктің назарын аударды?
Оның оқиғасы Испанияда ғана емес, бүкіл әлемде қызу талқыланып жатыр.
Бір жағынан, адамның өз өміріне өзі билік ету құқығы мәселесі көтерілді. Екінші жағынан, әсіресе психикалық бұзылыстармен байланысты жағдайларда эвтаназия жасау-жасамау туралы пікірталас жүрді.

"Әкенің, ананың немесе әпке-қарындастың бақыты қыздың өмірінен маңызды болмауға тиіс", - деген еді Ноэлья.

Өмірде қиындықтардан шығатын жол жоқтай көрінген сәттерде тегін сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері көмекке ете алады. Қазақстанда мұндай қызмет бірнешеу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net