Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Ресей Каспий құбырына санкция салуды талқылап жатыр. Қазақстан қайтпек?

0

Ресей ақпарат құралдары Мәскеу Қазақстан мұнайын халықаралық нарыққа экспорттайтын негізгі күретамыр – Каспий құбыр консорциумына (КҚК) санкция салуы мүмкін деп жазып жатыр. Ресей өз жері арқылы мұнай өткізуге тыйым салу арқылы Астанаға емес, елде мұнай өндіретін Батыс компанияларына соққы жасағысы келеді дейді пабликтер. Ал сарапшылардың айтуынша, мұндай шектеу енгізілсе, бұл Қазақстан экономикасына ауыр соққы болады.

"ДОС ЕМЕС ЕЛДЕРГЕ" ЖАУАПСаяси ақпарат орталығының бас директоры Алексей Мухин өз Telegram-арнасында Ресей Каспий құбыр консорциумындағы үлесі бар америкалық компаниялардың "шүмегін жабуы" мүмкін екенін жазды. Мухиннің мәліметінше, КҚК-ға санкция салу жайы жуырда Ресей президенті Владимир Путин төрағалық еткен кеңестің жабық бөлімінде талқыланған.

"Бұл өте қисынды, өйткені консорциумға қатысушылар Батыстың Ресей компанияларына қарсы барлық санкцияларына қосылып, оларды бұлжытпай орындап отыр және қазіргі жағдайдан пайда көріп отырғандар да солар. Сондықтан мұндай жағдайда Ресей өзін осы санкция "дүрмегіне" қосылуды жөн деп санаған", — деп жазды Мухин өткен аптадағы постында.

Мухиннің айтуынша, КҚК арқылы мұнай транзитін тоқтату Chevron, ExxonMobil, Eni, Shell сияқты Батыс алпауыттарына соққы береді, өйткені олар Мәскеудің "досына жатпайтын" елдерде тіркелген.

Кейінірек "Россия" федералдық телеарнасының эфирінде Ұлттық энергетика қауіпсіздігі қорының директоры Константин Симонов та осыны айтты.

"Ресейде КҚК арқылы мұнай жеткізуге тыйым салу нұсқасы мезгіл-мезгіл талқыланады. Қазір бұл қисынды қадам болар еді. Неге екенін түсіндірейін. Өйткені бұл мұнай америкалық компаниялардың қатысуымен өндіріледі. Біз КҚК мәселесін санкцияларды тек уақытша тоқтату емес, түбірімен алып тастау талабымен байланыстыра аламыз, яғни Ресей мұнай компанияларына салынған санкцияларды толық алып тастау туралы айтып отырмыз. Оның үстіне бұл санкцияларды [АҚШ президенті Дональд] Трамп Анкориджден кейін (2025 жылғы тамыздағы Путинмен саммит – ред.) енгізген", — деді Константин Симонов.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛІССӨЗДЕРІМәскеудегі сарапшылар ықтимал шектеулерді талқылап жатқанда, ресми Астана америкалық серіктестермен байланысты нығайтуға тырысып жатқан сыңайлы. Хьюстон қаласында өткен CERAWeek жаһандық конференциясы аясында Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ корпорациялары басшыларымен, оның ішінде КҚК акцияларының 15 пайызына иелік ететін және Қазақстандағы ірі кен орындарында мұнай өндіретін Chevron компаниясымен келіссөздер жүргізді. Кездесуде Теңіз бен Қашаған кен орындарындағы тұрақты жұмыс қана емес, сондай-ақ мұнай экспорттаудың балама бағыттарын іздеу мәселесі де талқыланды.

"Негізгі бағыттарды пайдаланумен қатар, Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандыруға барынша күш салып жатыр. Атап айтқанда, кездесуде Баку — Тбилиси — Жейхан жүйесін пайдалана отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселесі талқыланды. Қазақстанның энергетика министрі америкалық инвесторлармен бірлесіп, шикізатты халықаралық нарықтарға жеткізуде Каспий теңізінің көлік әлеуетін барынша тиімді пайдалануға дайын екенін білдірді", — делінген Қазақстан энергетика министрлігінің хабарламасында.

"ШҮМЕКТІ ЖАБУ ЕКІТАЛАЙ"Алайда КҚК мен Транскаспий бағытының мүмкіндіктері салыстыруға келмейді. Өткен жылы Баку — Тбилиси — Жейхан құбыры Қазақстаннан 1,5 миллион тонна мұнай қабылдады, ал үкімет жоспарында жеткізілім көлемін жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген, бірақ мерзімдері әзірге нақты көрсетілмеген.

КҚК арқылы 2025 жылы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан шамамен 63 миллион тонна мұнай айдалды. Жалпы, өткен жылы Қазақстан шамамен 80 миллион тонна мұнай экспорттаған. Яғни, шетелге сатылған "қара алтынның" 78 пайызы КҚК арқылы өткен.

Қазақстандық экономист Арман Бейсембаевтың пікірінше, Ресей КҚК құбырының "шүмегін жауып тастауы" екіталай, бірақ бұл нұсқаны жоққа шығаруға болмайды. Құбырға бірнеше елдің акционерлері иелік етеді. Жобадан америкалықтарды ығыстырып шығару нұсқасы да қисынсыз, өйткені онда КҚК "Солтүстік ағынның" кебін киюі мүмкін. (Ресейден Еуропаға газ жеткізетін "Солтүстік ағын" құбыры 2022 жылы су астындағы жарылыстан соң істен шыққан).

"АУЫРТПАЛЫҚ ХАЛЫҚҚА АРТЫЛАДЫ"Түрлі спикерлердің үндеуі Кремльде қолдау тапса, бұл Қазақстан экономикасына ауыр соққы болуы мүмкін.

"КҚК-дан түсетін табыс тоқтаса, әрине, барлық ауыртпалық халыққа артылады. Жұрт өзінің әл-ауқаты осы құбырға тікелей байланысты екенін түсінбейді. Бізде кейбіреулер “мұнайға тәуелділіктен арылуымыз керек” дейді — ал оның құнын төлеуге дайынсыздар ма? Қазір осы құбыр бар болғандықтан ғана тек 10 пайыздық жеке табыс салығын төлеп жүрсіздер. Ол кәдімгідей қомақты табыс әкеліп отыр", — дейді Арман Бейсембаев.

Каспий құбыр консорциумы 2017 жылы ашылған.

Сонымен бірге, Бейсембаевтың пікірінше, бұл құбыр арқылы жасалатын экспорттан түсетін табыс тоқтаса, Қазақстан экономикасы бірден күйремейді. Елдің алтын-валюта резервтері кем дегенде жарты жылға жетеді.

Ресми Астана Каспий құбыр консорциумына санкция салу жөнінде Ресейде айтылып жатқан пікірлерге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Сыртқы істер министрлігі үнсіз. Ал энергетика министрлігі ел экономикасы үшін бұл құбыр өте маңызды екенін, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін ғана айтты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net