Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Трамп Иранды бейбітшілік бітіміне тезірек келісуге шақырды

0

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Иранды тезірек бейбіт бітімге келуге шақырды. Оның айтуынша, егер бұл айтқаны орындалмаса, "кері қайтар жол болмайды" және АҚШ Иранға қарсы шабуылдарын күшейтеді.

Трамп Иран өкілдерінің "түсініксіз" әрекетіне таңғалатынын айтты. Оның сөзінше, Иран жағы АҚШ-пен келісім жасауды "өтініп" отыр, бірақ көпшілік алдында басқаша сөйлеп, тек америкалық ұсыныстарды қарастырып жатқанын айтады. "Мұнысы дұрыс емес! Кеш болмай тұрғанда байыпты болулары керек", деді Трамп.

Бейсенбіде Трамп Тегеранмен келіссөз жүргізу үшін Иранның энергетика нысандарына шабуылдарды тағы 10 күнге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген.

"Иран үкіметінің өтініші бойынша [...] мен электр станцияларына соққы беруді 10 күнге, 2026 жылғы 6 сәуір, дүйсенбі күні, сағат 20.00-ге дейін тоқтата тұрамын. Келіссөздер жалғасып жатыр және жалған жаңалықтар агенттіктері мен басқа да дереккөздердің қате мәлімдемелеріне қарамастан, олар өте жақсы жүріп жатыр", - деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне.

Ол мұндай шешім Иран үкіметінің өтініші бойынша қабылданғанын айтты, бірақ Тегеран ондай өтініш жасағанын жоққа шығарды.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Иранмен әскери қақтығысты тоқтату жөнінде келіссөз жүріп жатыр деп мәлімдеген. Трамп келісім жақын арада жасалады деп үміт білдіріп, Иран елеулі жеңілдіктерге, соның ішінде ядролық бағдарламасынан бас тартуға дайын екенін айтқан. Оның пікірінше, әскери тұрғыда Иран толық жеңілген және "келісімге келу" – ол үшін ең тиімді мүмкіндік болмақ.

Алайда Иран билігі АҚШ талаптарына келісуді ғана емес, келіссөздің өзін де жоққа шығарады. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи АҚШ-тың ұсыныстары араағайындар арқылы жеткізілгенін және жауап берілгенін растады, бірақ оны келіссөз деп атауға болмайтынын айтты. Reuters агенттігі дереккөздерге сүйеніп, Тегеран АҚШ-тың 15 тармақтан тұратын ұсынысын қабылдамады деп хабарлаған.

Бұған дейін Трамп Иран сейсенбіге дейін Ормуз бұғазында кемелердің еркін қозғалысын қалпына келтірмесе, энергетика нысандарына шабуыл жасалатын болады деп ескерткен. Кейін ол келіссөз жүріп жатқанын айтып, талап мерзімін тағы бес күнге ұзартты. Иран бұғазды ашудан бас тартып, оның АҚШ пен одақтастарына жабық, ал Тегеранға "дос" елдерге ашық екенін мәлімдеді.

26 наурызда Израиль мен АҚШ күштерінің ақпан айының аяғында Иранға жасаған шабуылдарынан кейін басталған әскери қақтығыстар жалғасты. Иран Израильге зымыран атқылап, бірнеше жерде жарылыс тіркелді, зардап шеккендер бар. Әбу-Даби қаласында Иранның зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты. Израиль де Ирандағы бірқатар нысандарға әуеден шабуыл жасады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әуе шабуылдарының бірінде Ислам революциясы сақшылары корпусы әскери-теңіз күштерінің басшысы, Ормуз бұғазындағы операцияны басқарған тұлға қаза тапқанын мәлімдеді.

Қарсылас тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы келісім жақын арада жасалмайды деген қауіп күшейген соң, бейсенбі күні әлемдік мұнай нарықтарында баға өсе бастады. Биржа индекстері төмендеп жатыр.

Егер бітімге келу туралы келісім жасалмаса, Иранға қарсы құрлық операциясын жүргізу мүмкіндігі қарастырылып отыр деп хабарлады Axios басылымы Пентагондағы дереккөздеріне сүйеніп. Атап айтқанда, Иранның негізгі мұнай экспортының хабы саналатын Харк аралын немесе Ормуз бұғазындағы аралдарды басып алу сөз болған. АҚШ әскери басшылығы әзірге бұл жоспарлар туралы ресми ақпарат берген жоқ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net