“Адам ұрлау, кәсіпкерлерге қысым көрсету“: Алматыда күдіктілер ұсталды
ІІМ мәліметінше, 27 наурызда Алматыда жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.
Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталған.
"17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
