Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: учаскелік инспектор сотталды

0
Талғар ауданның учаскелік инспекторы ер адамды өлтіру және баланы ұрлауға әкелген салғырттық және қызметтік жалғандық жасау бойынша 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот үкімі
Жәбірленуші тараптың адвокаттары Асылбек Әбдірайымов пен Жандос Палмановтың мәліметінше, Талғар аудандық соты учаскелік инспектор Е.-ге үкім шығарды.
Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды:

371-баптың 2-бөлігі – "Ауыр зардаптарға әкелген салғырттық";
369-баптың 2-1-бөлігі – "Құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық".


"369-бап бойынша сот 2 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, 371-бап бойынша – 2 жыл 4 ай. Қорытындысында 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Учаскелік инспектор Е. сот залында қамауға алынды", - деді адвокаттар.

Сонымен қатар, сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және лейтенант арнайы атағынан айырды.
Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырып, 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп берді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық тәртіппен шағымдана алады.
Учаскелік инспекторға тағылған айып
2025 жылғы 3 қыркүйекте, яғни қайғылы оқиғадан үш күн бұрын, учаскелік инспектор жәбірленушінің шақыруы бойынша барған. Әйелдің айтуынша, сол күні үйіне мылтықпен келген ер адам бұрын оны зорлаған.
Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, инспектор қорғаныс нұсқамасын толтырып, онда жәбірленушінің қолын қолдан жасаған.

"Сараптама қолтаңба жәбірленушінікі емес екенін растады. Сотта айыпталушы Е. оны қолдан жасағанын мойындады", - деді Палманов.

Кейін 2025 жылғы 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, оның екі жасар қызын кәмелетке толмаған екі сыбайласымен бірге ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы босатып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды.
18 наурызда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адам мен оның сыбайластарына үкім шығарды. Басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәмелетке толмаған екі сыбайласының әрқайсы 9 жылға сотталды.
Талғардағы трагедия бойынша қанша полицей айыпталып отыр
Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы зорлау күдігімен ұсталып, кейін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, оның кішкентай қызын ұрлаған адамды босатқан Талғар аудандық полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палмановтың мәліметінше, сотқа төрт полиция қызметкеріне қатысты істер жеткен:

екі учаскелік инспекторға салғырттық пен қызметтік жалғандық бойынша (біреуіне 26 наурызда үкім шығарылды);
екі тергеуші – қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және әрекетсіздік бойынша айыпталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net