Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: жеткілікті шек көтерілмек

0

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шекті неге көтермек?
Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан бес триллион теңгеге жуық қаражат алған. Бұл ретте қаражаттың едәуір бөлігі жастардың үлесіне тиген.

"Біз санаттар бойынша талдап көрдік, шамамен бір триллион теңгені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар алған", - деді Ертаев.

Министрлік мұндай үрдіс тәсілдерді қайта қарауды қажет етеді деп есептейді. Негізгі мақсат - жинақтаушы зейнетақы жүйесін сақтау және дамыту.

"Жұмыс істей бастаған кезде жастарға алдымен жинақ қалыптастыру қажет. Бүгінде бұл қарыздарды өтеу мен емделуге арналған жақсы құрал, бірақ болашақ зейнетақы туралы да ойлау керек", - деп түсіндірді министр Сенат кулуарында.

Болашақ зейнеткерлер үшін тәуекел
Ертаев халықтың бір бөлігінде жинақтардың жоқтығы мәселесіне ерекше назар аударды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, Қазақстанда 9,7 миллионға жуық жұмыс күші бар, оның ішінде шамамен 2,9 миллион адам зейнетақы жарналарын аудармайды.

"Оларда жинақ жоқ, болашақта олар тек ең төменгі базалық зейнетақы алады - 35-тен 80 мың теңгеге дейін. Мұндай ақшаға күн көру қиын", - деді ол.

Шек мөлшері қалай өзгеруі мүмкін
Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген. Қазіргі уақытта ол Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен келісіліп жатыр.
Бұл мәселе жақын арада қаралуы мүмкін.

"Бұл күзге дейін созылмайды. Сәуірде ең төменгі жеткілікті шектті ұлғайтуды қарастырамыз деп ойлаймын", - деді министр.

Қаншалықты артады?
Ертаевтың айтуынша, барлық азамат үшін ортақ формула қарастырылып жатыр.

"Мысалы, егер былтыр менің шотымда 2 миллион теңге болса, биыл ең төменгі жеткілікті шек осы сомаға шамамен 10 пайызды - яғни 8 пайыз бен тағы 2 пайызды қосқандағы мөлшерді құрайды. Одан асатын бөлігін шешіп алуға болады", - деп түсіндірді ол.

Осылайша, азаматтарды зейнетақы жинақтарын сақтап, қартайған шақта неғұрлым тұрақты қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға ынталандыру үшін шекті жыл сайын арттыру жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін екенін айтқан.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net