Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Науқастардың туыстарына жақындарының жағдайы туралы мәлімет алу жеңілдейді

0

Қазақстанда бірыңғай сервис пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол арқылы туыстары науқастың ауруханаға жатқызылғаннан бастап, реанимация немесе операцияға ауыстырылғанға дейінгі жағдайы туралы ақпарат ала алады. Астана мен Алматы облысының әкімдіктері бұл жобаға қатысуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы депутаттық сауалға берілген жауапта айтылған, - деп хабарлайды TengriHealth.
Не болды?
Сенатор Жанна Асанова ақпанда ауруханалардағы науқастардың туыстары жиі тап болатын мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, әсіресе ауруханаға шұғыл жатқызу, науқасты реанимацияға ауыстыру немесе операцияға байланысты қабылдау бөлімдері мен стационарларда шиеленісті жағдайлар туындайды.
Осындай сәттерде жақындары туысының жағдайы туралы қарапайым ақпаратты да ала алмайды.
Сенатордың айтуынша, бұл ең алдымен жұмысты ұйымдастыруға байланысты: емдеуші дәрігерлер мен профильдік бригадалар көмек көрсетумен айналысады, тіркеу бөлімінің қызметкерлерінде өзекті ақпарат болмайды, ал стационарлардың өзінде туыстар тез әрі заңды түрде расталған ақпарат ала алатын бірыңғай арна жоқ.
Науқастардың жақындарын қалай хабардар етеді?
Премьер-министр Олжас Бектенов сауалға жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен бірге науқастардың туыстарын ақпараттандыруға арналған орталықтандырылған сервисті енгізу бойынша пилоттық жобаны әзірлеп жатқанын хабарлады.
Жоба мыналарды қарастырады:

науқастың ауруханаға жатқызу мәртебесі (бөлімшеде, реанимацияда, операцияда болуы, басқа бөлімшеге ауыстыру) туралы туыстарын хабардар етудің бірыңғай арнасын құру;
өтініш берушінің жеке басын және ақпарат алуға құқығын мемлекеттік жүйелер мен цифрлық сәйкестендіру арқылы растау;
сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен біріктіру, өтініштерді тіркеу және ақпаратқа қолжетімділікті шектеу;
медициналық ұйымдардың науқастардың туыстарымен байланыс жасауының бірыңғай регламенттері мен стандарттарын әзірлеу.

Пилоттық жобаны жекелеген өңірлердегі медициналық ұйымдар базасында іске қосу жоспарланған. Астана мен Алматы облысының әкімдіктері қатысуға дайын екенін білдірді. Сынақтан кейін жүйені бүкіл ел бойынша кеңейту жоспарланып отыр.
Үкіметтің пікірінше, мұндай сервис дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтып, жанжалдар санын қысқартады және дәрігерлік құпия мен жеке деректерді қорғау талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net