Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, жарыстар: Алматы полициясы рейдтерді күшейтті

0
Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, соның ішінде көлікті қауіпті жүргізу және "түнгі жарыс" деректері жиілегені байқалды. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында полиция жолдардағы бақылауды күшейтіп, бірқатар рейдтік іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, профилактикалық шаралар жергілікті және нысаналы сипатта жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат - аса қауіпті құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.
Үш күнде мыңдаған заңбұзушылық анықталды
Полиция мәліметінше, кейінгі үш күнде қалада 5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Соның ішінде көлікті мас күйде немесе есірткіге еліткен күйде басқарған 43 жүргізуші ұсталған. Олардың бәрі көлік жүргізу құқығынан шеттетілген.
Тағы 369 адам көлікті тиісті құжаттарсыз айдаған. Арнайы айыппұл тұрақтарына 94 автокөлік жөнелтілген.
Бұдан бөлек, жылдамдықты асырудың 2 мыңнан аса жағдайы тіркелген.
Түнгі жарыстар және желідегі видеолар
Полиция өкілдері кейбір жүргізушілердің заңбұзушылықтарды әдейі жасап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайтынын айтты.
Дегенмен, ведомство мұндай әрбір жағдай тексеріліп, кінәлілер анықталатынын және жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Полиция үндеуі
Полиция департаменті қауіпті жүргізу адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ескертті.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өздері мен өзгелердің өмірін қауіпке тікпеуге шақырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)


Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген ЖКО
Желі қолданушылары бірнеше күннен бері Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апатын қызу талқылап жатыр. Оқиға Алматыда 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен және шығысқа қарай бет алған Mercedes көлігін соққан. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі аман қалды, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Полиция істі 345-баптың 4-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Бап санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net