Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

"Жаңа мемлекеттік орган, арнаулы мәртебе". Парламент Алатау қаласы туралы құжатты мақұлдады

0

20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы құжат қаралып, парламент бірінші оқылымда мақұлдады.

Заңның мақсаты – Алматы облысындағы Алатау қаласының жедел және тұрақты дамуына жағдай жасау деді заң жобасын таныстырған вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Оның сөзінше, конституциялық заң негізінде Алатауда арнайы құқықтық режим қалыптасады. Қаланы басқару үшін жаңа мемлекеттік орган Alatau City Authority құрылады.

"Оның негізгі бағытын премьер‑министр басқаратын кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты бас атқарушы директор жүзеге асырады. Кеңес қаладағы негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді. Ал мәслихат пен әкімдік қаланың әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелеріне жауап береді" деді Бозымбаев.

"Арнайы қаланың Қазақстанның заңнамасына қатысы" жөнінде депутаттың сұрағына жауап берген вице-премьер "қос контурлық" басқару туралы айтты.

Бозымбаевтың айтуынша, қаланың негізгі даму секторлары – салық, құрылыс, экология, жер қатынастары, қаржы инфрақұрылымы арнайы Кеңестің актісімен реттелмек. Ол кеңеске премьер-министр жетекшілік етпек.

"Кеңес мемлекет басшысының жарлығымен құрылады" деді Бозымбаев. Ал азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, құқық қорғау орган, арнайы мемлекеттік органдары, қылмыстық заңнама, неке және отбасы қатынасы, төтенше жағдай, шекара, жалпы алғанда мемлекеттік билік жүйесі ол мызғымас күйде қалады және Қазақстан заңнамасымен реттеледі деді ол.

Мұнымен қоса, Алатау қаласының жер қатынастары арнайы режим арқылы реттелмек. Бозымбаевтың сөзінше, Alatau city-де шетелдіктерге жер жалға немесе басқа түрінде беріледі.

“Alatau city-де барлық инвесторға, оның ішінде шетелдік инвесторларға жер учаскілері тек нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және бизнес лицензия үшін жалға немесе басқа түрінде беріледі. Егер бизнес лицензия арқылы [берілсе] оның міндеттемелері болады. Егер екі жыл ішінде ол жерге зауыт-фабрика немесе университет, қонақүй салмаса оған айыппұл салынады. Егер тағы екі жылдан кейін даму болмаса жер қайтарылады. Жер тек инвестициялық жобалараға беріледі” деді вице-премьер.

Жоспарға сәйкес, Alatau City аумағы – 88 мың гектар болады. Инвестициялық портфелі – құны 1,8 трлн болатын логистика, агроөңдеу, креативті индустрия салаларындағы 44 жоба. Билі онда 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтып отыр.

Жуырда Алатау қаласындағы ірі жобалардың бірі ретінде биіктігі 272 метр болатын 56 қабатты көпфункциялы кешен ғимаратының эскизі жарияланған. Жоба жүзеге асса, бұл Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ең биік ғимарат болмақ.

2024 жылы қаңтарда президент Тоқаев Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырымдай жерде орналасқан, әкімшілік тұрғыда Алматы облысының Іле ауданына қарайтын 25 мың халқы бар Жетіген ауылын қайта құру туралы жарлыққа қол қойып, елді мекен Алатау қаласына айналды, оған көрші жатқан Еңбек, Құйған, Жаңа арна ауылдары қосылған еді. Бұл ауылдарда жалпы саны 50 мыңға тарта адам тұрады.

Былтыр Алатау қаласында жаңа крипто-аймақ құрылуы мүмкін екендігі де айтылған. Ондағы халық дәмхана, мейрамхана және өзге де орындарда криптовалютамен есеп айырысатын болады деп хабарланған еді.

Жыл басында елде жаңа Конституция жобасы талқыланған кезде бірқатар азаматтар "арнаулы мәртебесі бар" аймақтар елдің территориялық тұтастығына нұқсан келтірмей ме деген де сұрақ қойып, алаңдаған. Билік өкілдері мұндай қауіпті жоққа шығарған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net