Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Думан Мұхаммедкәрімнің "аштық жариялағаны" жайлы ақпарат: ҚАЖД жауап берді

0

Қызылорда облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында “сотталған азаматтардың жеке ісінен алынған басқа мәліметтер жариялауға жатпайды” деп, "журналист Думан Мұхаммедкәрімнің аштық жариялағаны рас па?" деген сұраққа нақты жауап бермеді.
“Сіздің 16.03.2026 жылғы өтініш хатыңызға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған Мұхаммедкәрім Думан Алмасұлына қатысты төмендегідей мәліметтерді ұсынамын: Қазақстан Республикасының «Персоналдық деректер және оларды қорғау туралы» заңының 15-бабы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 93-бабына сәйкес, сотталған азаматтардың жеке ісінен алынған басқа мәліметтер жариялауға жатпайды” деп жазылған жауапта.
Департамент сонымен бірге сотталған азаматтарға медициналық көмек көрсету құзыреті денсаулық сақтау министрлігіне берілгенін де алға тартып, медициналық көмек туралы сұрақты да жауапсыз қалдырған.
Бұған дейін желіде журналист Думан Мұхаммедкәрім өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялағаны туралы ақпарат шыққан еді. Мысалы, блогер Абзал Достияров 13 наурызда мұндай ақпаратты сол жақтан хабарласқан кісілер айтқанын жеткізген. "Олар Думанның аштықта жатқанын кеше ас-ауқат апарғанда түрме басшылығынан естіген" деп жазды блогер.
Ал адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа Қызылордадағы түрмеге барғанда ақпаратты анықтайтынын айтты.

Думан Мұхаммедкәрім өзі отырған камераға белгісіз жарылғыш зат лақтырылғанын айтып, былтыр да өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап еткен еді.

2025 жылы қазанда осы мәселе бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов “қамау жағдайын қылмыстық атқару жүйесі комитеті заңға сәйкес қамтамасыз етіп жатыр деп сендіргіміз келеді” деген еді.
Журналист Думан Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деген айыппен 2024 жылы тамызда жеті жылға сотталған. Бұған қоса, сот оған үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған. Мұхаммедкәрімге қарсы қылмыстық іс қозғауға журналистің ұзақ уақыттан бері шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. 2018 жылы Қазақстан соты "ҚДТ" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Жақтастары билікті қатты сынап жүрген тәуелсіз журналист саяси ұстанымына бола қудалауға түсті деп санайды.20 жылдай мемлекеттік арналарда жұмыс істеген, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған Думан Мұхаммедкәрім 2021 жылдан бастап You Tube желісінде "Ne Deidi?" арнасын ашып, елдегі қоғамдық-саяси оқиғалар туралы түрлі материалдар жариялай бастады. Ол саяси ортада 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен танылды. Думан Мұхаммедкәрім – кемі 238 адам қаза тапқан қырғын кезінде Алматыдағы дүрбелең ошағынан ақпарат таратқан санаулы журналистің бірі. Журналист YouTube-арнасында Қаңтар құрбандарының туыстарынан сұхбат алып, дүрбелеңнен кейін ұсталып, полицияда азапталған адамдардың көрген зәбірі жайлы көп материал жариялады.Журналистің ісін саралаған құқық қорғаушылар Думан Мұхаммедкәрімді "саяси тұтқын" деп таныған. Ресми Астана елде "саяси тұтқын" да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.Бұған дейін халықаралық ұйымдар Думан Мұхаммедкәрімге араша түскен.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net