Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

500 теңге үшін: Түркістан облысындағы дүкенде ағайындылар аяусыз соққыға жығылған

0

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт аяусыз соққыға жығылғанын мәлімдеді. Туыстарының сөзінше, жанжал 500 теңгенің шынайылығына күмәннен басталып, жаппай төбелеске ұласқан. Өңірлік полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болған?
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 30 жастағы Алмасбек пен оның 16 жастағы інісі Сауран отырған отбасылық дүкенде болған.
Туыстарының айтуынша, 12 наурызда дүкенге екі адам кіріп, 500 теңгелік купюрамен есептеспек болған. Алмасбек ақшаның жалған болуы мүмкін екенін байқаған кезде, сатып алушылар "үлкендерді ертіп келеміз" деп қорқытқан.

"15 минуттан кейін бір топ ер адам (шамамен 10 адам, расталмаған мәлімет бойынша, ең үлкені 27 жаста) келген. Туыстарының айтуынша, олар Алмасбектің қолын ұстап тұрып, жұдырықпен және еден жуғыш таяқпен соққыға жыққан. Көмекке келген інісі Сауранды да аяусыз сабаған. Соққыдан ол есінен танып қалған", – делінген хабарламада.

Жазбада шабуыл жасағандар дүкендегі мүлікті бүлдіріп, тауардың бір бөлігін ұрлап кеткені айтылады. Отбасы мүшелерінің айтуынша, оқиғадан кейін ағайындылар ауруханаға жатқызылған. Оларға шабуыл жасағандардың туыстары келіп, қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Сондай-ақ зардап шегушілер полицияның бастапқыда арызды толық көлемде қабылдамағанына алаңдаушылық білдірді.
Полиция пікірі
Түркістан облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полицейлер жанжалға қатысушыларды анықтаған. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта бір топ адам жасаған бұзақылық үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Полиция тергеудің жан-жақты әрі объективті жүргізілуі үшін кешенді тергеу амалдары атқарылып жатқанын қосты. Құқық қорғау органдары мұндай заңбұзушылықтар үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net