Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қалай көтеріледі? Жаңа заң әзірленді

0
Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң әзірленді. Бүгін, 18 наурызда Мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжатта жалақы қаншалықты жиі өсетіні, "сауықтыру" төлемдерінің қалай төленетіні және бұған қаражат қайдан алынатыны жазылған. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Қаражат мемлекеттік бюджеттен ғана алынбайды
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын төлеуге қаражат негізінен мемлекеттік бюджеттен алынады. Мысалы, Ұлттық банк сияқты кейбір органдарда төлемдер өз қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ заң заңсыз шығарылған активтер қайтарылатын Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалануға рұқсат береді.

Анықтама: Арнаулы мемлекеттік қор – жеке мемлекеттік есепшот, оған заңсыз шығарылған немесе алынған активтерден елге қайтарылған қаражат түседі. Бұл қаражат кейін мемлекет қажеттіліктеріне - әдетте әлеуметтік бағдарламаларға немесе экономиканың дамуына жұмсалады.


Жалақы қалай көтеріледі?
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы олардың атқаратын жұмысына, жүктелген міндеттер ауқымы мен көрсеткен нәтижелеріне байланысты болады. Яғни, жүктеме мен тиімділік неғұрлым жоғары болса, еңбекақы соғұрлым көп төленеді.
Бұл ретте жалақы инфляцияны ескере отырып, кемінде әр үш жыл сайын тұрақты түрде қайта қаралуы міндетті.
Сонымен қатар жалақы мөлшеріне қызметкердің еңбек өтілі әсер етеді. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеген барлық кезеңі, кейбір жағдайда басқа да тәжірибесі есептеледі. Бұл жерде бәрі қалыпты - еңбек өтілі неғұрлым көп болса, лауазымдық жалақы соғұрлым жоғары болады.

"Кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілер үшін зейнетке шыққан кезде 4 лауазымдық жалақы мөлшерінде төлем қарастырылған. Бұл шара әділдікті қамтамасыз етіп, мемлекетке көп жылғы қызметі үшін құрмет көрсетуге арналған", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері.

Ақшаны не үшін ұстап қалуы мүмкін?
Құжатта мемлекеттік қызметшілердің жалақысынан ұстап қалу шаралары көрсетілген. Мысалы, ақша жұмыс берушінің шешімі бойынша, бірақ қызметкерге ескерту арқылы ұсталуы мүмкін. Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады:

іссапардан кейін ақшаны қайтармаса;
аванс алып, оны өтемесе;
демалыстан ерте шықса немесе қызметкердің өзі келіскен басқа жағдайларда.

Егер мемлекеттік қызметші оқуын аяқтамаса (мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша), ақша ұсталатыны бөлек жазылған.
Бұл ретте шектеу бар: ақша бірнеше рет ұсталса да, ай сайынғы жалақының 50 пайызынан аспауы тиіс.
Маңызды: Егер адам мемлекеттік қызметке уақытша тағайындалса, мысалы, тексеруден өтпегенше немесе орын бос тұрғанша, оған сол лауазымға белгіленген ең төменгі жалақы төленетіні заңда нақты жазылған.
Демалыс мәселесі не болмақ?
Мемлекеттік қызметшілерге жылына кемінде 30 күнтізбелік күн ақылы демалыс беріледі. Демалыспен бірге оларға екі жалақы мөлшерінде "сауықтыру жәрдемақысы" төленеді. Бұл қаражат демалысқа бірнеше рет шықса да жылына бір рет беріледі.
Сондай-ақ еңбек өтілі неғұрлым көп болса, демалыс та соғұрлым ұзақ болады. Мысалы, 10 жыл қызметтен кейін тағы 3 күн, 15 жылдан кейін - 5 күн, ал 20 жылдан кейін - 10 күн қосылады. Сонымен қатар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанғаны үшін тағы 3 күн берілуі мүмкін.
Демалысқа кесте бойынша шығады, бірақ оны бөлуге болады. Ең бастысы - енді оның бір бөлігі кем дегенде екі апта болуы тиіс. Егер демалысты толық пайдаланып үлгермесе, оның бір бөлігін келесі жылға ауыстыруға болады, бірақ 30 күннен аспауы керек.
Демалыс ақысы мен "сауықтыру" төлемі алдын ала демалыс басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын төленуі тиіс.


Анықтама: Кейбір жағдайда 10 күнге дейін қосымша қысқа демалыс алуға болады. Мысалы, үйленуге, бала тууға немесе жақындарының қайтыс болуына байланысты.

Оқу демалысы да қарастырылған: егер біліктілікті арттыруға жіберілсе жалақы сақталады, ал егер бөлек бағдарламалар бойынша оқыса (мысалы, шетелде) жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда, мысалы, төтенше жағдай, апат немесе шұғыл жұмыс кезінде қызметкерді демалыстан оның келісімінсіз де шақыртып алуға болады. Пайдаланылмаған күндер кейін беріледі немесе ақшалай өтемақы төленеді.
Ал егер адам жұмыстан шығып, демалысын алып үлгермесе, ереже бойынша оған пайдаланылмаған барлық күн үшін өтемақы төленеді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net