Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026

Бас прокуратура белсенді Санжар Боқаев ұсталғанын хабарлады

0

Бас прокуратура қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталғанын мәлімдеді.

Прокуратура "Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады" дейді.

"Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялады деген күдікке ілінді" деп мәлімдеді бас прокуратура.
Санжар Боқаев былтыр желіде Алматы қаласы Баум бағындағы мыңдаған ағашты кесіп тастағанын көрсеткен. Бұған қоса, Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тастарды әлдекімдер бас пайдасына жарату үшін әкетіп жатқанын әшкерелеген. Тағы бір видеосында Алматы қаласының орталық бөлігінде бюджет қаражатына алынған жабын тастарды (брусчатка) тиеп алған әлдебір жүк көлігі Алматы іргесіндегі Жандосов ауылына барып, әлгі заттарды біреудің жеке үйіне түсіргені көрсетілген.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада асфальт опырылып, гранит пен жабын тасты алып тастау оқиғалары шу болып жатқан тұста Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке қатаң сөгіс берген. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен алынды. Медеу ауданы Уәлиханов бульварындағы жабын тастарды "заңсыз алып, плиткаларды жеке үйге жеткізу оқиғасына" байланысты Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалинге де сөгіс жарияланған.
Боқаев желіде видеолары көп тарай бастаған тұста оның "Инстаграм" парақшасы өшірілген. Кейін белсенді АҚШ-қа кетіп, елге қайта оралған еді.
Кейінгі сұхбатында ол "қоғамдық жұмыстан жалыққанын", жемқорлықтың нақты дәлелдерін көрсетсе де, шынайы нәтиже жоғын айтып, АҚШ-қа қоныс аудару ниеті барын айтқан.
"Мемлекетке де, қоғамға да керегі болмаса, мұның бәрін көрсетудің мәні не?" деген ол.
Боқаев жаңа Конституция жобасын да сынап, оны бұл күйінде қабылдауға болмайды деген.
Санжар Боқаев - соңғы жылдары жемқорлық пен заңсыздықты әшкерелейтін видео, сараптамаларымен танылған белсенді. Ол 2023 жылғы мәжіліс сайлауында Алматының №4 сайлау округі бойынша мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынып, жеңілген. Ол сайлау нәтижесі бұрмаланғанын айтып, Жоғарғы сотқа дейін шағымданып, нәтиже шығара алмаған.
Оның айтуынша, қолында өз округіндегі сайлау учаскелерінің 90 пайызының хаттама көшірмелері бойынша, дауыс берушілердің басым бөлігі өзіне дауыс берген. Сайлаудан кейін ол "Халық парламенті" деген ұйымға бірігіп, күресуге әрекеттенген, кейін ол ұйымның адамдары да "заңсыз жиынға қатысқаны үшін" әкімшілік жауапқа тартылды.
2022 жылы ол "әділдікті ту еткен мүлде жаңа Қазақстан құру" мақсатында "адал әрі парасатты адамдар басқаратын" "Намыс" партиясын құратынын жариялаған. Бірақ партия ресми тіркеуден өткен жоқ.
Санжар Боқаевтың негізгі мамандығы - саясаттанушы, саясаттану бойынша философия докторы (PhD). Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтында ғылыми қызметкер болған. 2012-14 жылдары Алматы қаласында жастар ісі басқармасын, одан соң ішкі саясат басқармасын басқарды, "ҚазТрансГаз" компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі, "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net