Қазақстан телеарнасы алғаш эфирге шыққан күн
Бүгінде “Qazaqstan” телеарнасының эфирге шыққанына 68 жыл толды. 1958 жылы 8 наурыз күні Алматы қаласынан тікелей эфирге қосылып, қазақ телевизиясы алғашқы хабарын таратты. Осы күннен бастап отандық телеарна халықтың ақпарат алмасу, білім алу және мәдениетпен танысу саласында маңызды рөл атқаратын бастау болды.
Бала кезімнен “Qazaqstan” телеарнасы ұсынатын “Келін”, “Қара шаңырақ”, “Қызыл алма”, “Көзайым”, “Шабдалы 18”, “Құдаша қыз”, “Біздің сынып”, “Абысындар” фильмдерін көріп өстім. “Қызық екен” бағдарламасын үй ішімізбен бірге тамашалайтынбыз. Әртүрлі сұрақтарға қатысушылармен қатар жауап іздеп, қайсысы дұрыс болар екен деп ойланатынбыз. Сонымен қатар “Әйел бақыты” бағдарламасын жүргізген Ләйлә Сұлтанқызының, “Айтуға оңай” ток-шоуын жүргізген Бейсен Құранбектің, “Ашық алаң” бағдарламасын жүргізген Нартай...
