Добавить новость
123ru.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Павлодарда оқушы балалар үйіне орналастыруды сұраған: оның оқиғасы тексеріліп жатыр

0

Павлодарда 8 жастағы оқушы қыз отбасындағы қатыгездікке шағымданып, өзін балалар үйіне жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыз көршілеріне оны жалғыз тәрбиелеп отырған әкесі үйге жиі мас күйде келіп, қол көтеретінін айтып берген. Тұрғындар 7 наурызда ер адам қызын үйден қуып жібергенін хабарлады.

"Ол қызды жартылай жалаңаш күйде кіреберіске шығарып, киімдерін есіктен лақтырып жіберді. Қыз алдымен қаланың басқа жағында тұратын апасының үйіне барып, кейін үйіне оралды. Бірақ әкесі оған есікті ашпады. Біз оны өз үйімізге кіргізіп, тамақ бердік. Оның қандай ескі киіммен жүргенін көріп, подъезд тұрғындары жиналып, оған киім сатып алып беруді шештік", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне жанашыр павлодарлықтар.

Тұрғындардың айтуынша, олар қыздың беті мен қолында көгерген іздерді бұрын да байқаған, бірақ бала бәріне өзі соғып алғанын айтқан.

"Әкесі қызына дүрекі сөйлейді. Оған үнемі әртүрлі адам келеді, қыз осындай жағдайда өмір сүруге мәжбүр. Бірде оның бетінде көгерген ізді байқап, не болғанын сұрадым. Ол төбешіктен құлап қалғанын айтты. Мектепте де оны ренжітеді, мүмкін, ол қараусыз, нашар киінгендіктен болар. Қыздың сөзінше, ол отбасындағы мәселелер туралы сынып жетекшісіне айтқан", - деді көршілер.

8 наурызда әкесі екінші тәулік бойы қызды үйге кіргізбеген кезде, тұрғындар балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкеневаға хабарласқан, ал ол полиция шақырған.

"Қыздың айтуынша, әкесі белбеумен ұрады, ішеді, пәтерден қуады. Сондықтан ол үлкен ағасы тәрбиеленіп жатқан балалар үйіне баруды қалайды. Расында қыздың қолында, аяғында және денесінде көгерген іздер болды. Ол сегіз жаста, бірақ алты жастағыдай көрінеді және киіммен өлшегенде салмағы бар-жоғы 22 келі. Сол күні баланы отбасынан алып, ауруханаға тексерілуге жатқыздық", - деп хабарлады Сәуле Шәкенева.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың әкесі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралған.

"Әкенің мінез-құлқы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралды, оның шешімі бойынша әкенің ата-ана құқықтарын шектеу туралы материал сотқа дайындалды. Қазіргі уақытта тиісті қызметтердің әрекет етуі нәтижесінде кәмелетке толмаған бала медициналық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайын бағалау үшін облыстық балалар ауруханасына орналастырылды", - деп хабарлады өңірдің Полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, медициналық тексеруден кейін қыз уақытша тұру үшін балаларды қолдау өңірлік орталығына жіберіледі.
Оқушының әкесі бұған дейін де полиция назарына бірнеше рет іліккені белгілі болды. Екі жыл бұрын ер адам кішкентай қызын көшеде телефонымен басынан ұрған. Сотта ол өз іс-әрекетін "мінез-құлқы нашар болғандықтан ұрдым" деп түсіндірген.
Сол кезде Павлодар тұрғыны баланы тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 26 мың теңге айыппұл салынған. Бұған дейін оған 30 тәулік бойы қызына жақындауға тыйым салынған. Қыз 80 жастағы әжесіне тапсырылатыны айтылған.
Кейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия шешімі бойынша ер адам полиция, педагогтер және қорғаншылық органдарының бақылауына алынған. Егер әке бір ай ішінде өзгермесе, ол ата-ана құқықтарынан айырылатыны айтылған.

"Сол кезде қыз әжесіне берілмеді, қорғаншылық бұйрығы күшінде болған тұрған кезде де ол әкесімен бірге тұрған. Екі жыл өтті, ол өзгермеді, ал баланың жағдайы нашарлай түсті. Комиссия шешімі бойынша отбасы бақылауға алынуы керек еді, бірақ қазір баланың жағдайынан көрініп тұрғандай, іс жүзінде бұл жасалмаған. Қыз әкесіне оралғысы келмейді", - деді Шәкенева.

Павлодар білім бөлімі бұл жағдайдан хабардар екенін растады.

"Қажет болғанның бәрін істедік. Қызды арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына орналастырдық. Әкенің ата-ана құқықтарын шектеу туралы сотқа талап дайындаймыз", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұл орталықта бірнеше жылдан бері қыздың бір анадан туған 12 жасар үлкен ағасы тәрбиеленіп келеді. Бірнеше жыл бұрын балалардың анасы ата-ана құқықтарынан айырылып, былтыр қайтыс болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net