Добавить новость
123ru.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Полиция “атыраулық хакердің” ісі бойынша жаңа деректерді жариялады

0

Атырау облысының полиция департаменті өзін "хакермін" деп таныстырып, өңірдегі отбасының жоғалуы туралы өз нұсқасын таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс туралы не белгілі?
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің мән-жайын нақтылап берді.

"2025 жылғы сәуірде полицияға алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз түсті, соның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Іс төрт эпизодты қамтиды және Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалуына қатысы жоқ. Қазір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ПД өкілдері.

Құқық қорғаушылар "хакердің" Қазақстаннан 2025 жылғы сәуірінде-ақ кеткенін, әлеуметтік желілерде өзінің "тергеуін" жариялауды бұдан әлдеқайда кейін бастағанын атап өтті.
"Хакер" Түркияда ұсталды деген нұсқа
Редакцияға аноним оқырман хабарласып, "хакер" 2026 жылғы қаңтардың аяғында Ыстамбұлда (Түркия) ұсталған болуы мүмкін екенін айтқан.
Редакция оның Instagram-парақшасын да қарап шықты. Жарияланған материалдарға қарағанда, кейінгі апталарда аккаунт жаңартылмаған, ал қаңтардың аяғынан бері жаңа жазбалар шықпаған. Дәл осы жайт кей қолданушылардың назарын аударған.
Полиция не дейді?
Редакцияның ресми сұрауына жауап берген полицияның баспасөз қызметі "хакер" әлі табылмағанын мәлімдеді.

"Бұл тұлға алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру аясында халықаралық іздеуге жарияланған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізіп жатыр", - делінген жауапта.

Атыраулық "хакер" кім?
2025 жылғы желтоқсанда Атырау облысында тұтас бір отбасының жоғалғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде өзін "Атыраудан шыққан хакермін" деп атаған адам пайда болды. Ол болған оқиғаға қатысты өз "тергеуін" жүргізгенін мәлімдеді. Оның мәлімдемелері бар видео Instagram-да тарап, тез танымал болды.
Бұған дейін ол күдікті ретінде марқұмдардың қызының күйеуін атаған. Оның нұсқасы бойынша, қарашаның ортасынан бастап отағасының телефоны тұрақты түрде қосылуын тоқтатқан.
Сондай-ақ, өзін "хакер" деп таныстырған адам күдіктінің қарашада Түркияға барғанын, ол жақта отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасы қолданылған болуы мүмкін екенін, кейін Қазақстан аумағында жүргенін мәлімдеген.
"Хакердің" айтуынша, 9 желтоқсанда күдікті мен оның жұбайының SIM-карталарының белсенділігі Шымкентте тіркелген, содан кейін олар елден (Өзбекстанға) шығып кетуі мүмкін және кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен табылуы ықтимал. "Хакердің" мәлімдеуінше, өз "тергеуін" жариялағанға дейін, шамамен 2026 жылғы қаңтардың басында, болжамды күдіктілер Индонезияда болған.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net