Добавить новость
123ru.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

БАҚ: Сара Назарбаева қаңтарда ауруханадан үйіне шыққан

0

"Үйден ем алады"Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаева Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты госпитальден ("совминка") қаңтар айында үйіне шыққан, дәрігерлердің бақылауымен амбулаториялық ем алады. Мұндай ақпаратты 9 ақпан күні қазақстандық басылымдар таратты.

Дәрігерлер адамның жеке деректерінің құпиясын ашуға тыйым салатын заң ережесін алға тартып, бұдан өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты деп жазды Tengrinews сайты.

Сара Назарбаева Алматыдағы "совминка" ауруханасына түсіп, ауыр хәлде жатқаны былтыр мамыр айында белгілі болған еді. Сол кезде бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Сара Назарбаева қайтыс болды" деген сыбысты жоққа шығарған. Жергілікті басылымдар аурухана маңында күзет күшейгенін жазған.

Шілде айында госпиталь әкімшілігі журналистерге Сара Назарбаева ем қабылдап жатқанын айтты.

Кейінірек, қыркүйек айында денсаулық сақтау мекемесі "Сара Алпысқызы әлі ауруханада емделіп жатыр" деген.

Сара Назарбаева биыл 12 ақпанда 85 жасқа толғалы отыр.

"Бөбек" қоры президенті, "Өзін өзі тану" пәні авторыСара Назарбаева күйеуі Нұрсұлтан Назарбаев билік басына келген соң алғашқы жылдары онымен бірге шетелге ресми сапарларға шығатын, балаларға қайырымдылық жасайтын "Бөбек" қорының президенті болды.

Оның идеясымен 2010 жылдан бастап мектеп бағдарламасына "Өзін-өзі тану" деген міндетті пән енгізілген еді. Оқу орындары Назарбаеваның туған күніне орайластырып "Саратану" апталығын да ұйымдастыратын.

Күйеуі президент қызметінде болған кезеңнің кейінгі жылдарында Сара Назарбаева жұрт алдына шығуды сиреткен, ресми шараларда да бой көрсетпейтін болған, жұбайымен бірге шетелдік сапарларға баруды да қойған еді.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін "Өзін өзі тану" пәні мектеп бағдарламасынан алынды. Республикалық ономастикалық комиссия Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауын өзгертуді мақұлдады.

Бұған дейін кей ақпарат арналары Сара Назарбаева қыз күніндегі аты-жөніне өтіп алған деп хабарлаған еді. Қазақстанның бірінші президентінің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаева деп көрсетілгенімен, ашық дерекке жататын бірқатар қаржы құжатында, қаржы министрлігі есебінде Назарбаевтың әйелі және оның үш қызының анасы Сара Алпысқызы Қонақай деп жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми биографиясында оның әйелі Сара Назарбаева екені, ерлі-зайыптының үш қызы (Дариға, Динара және Әлия) бары жазылған. Алайда "оның жаңа отбасы бар" деген сыбыс Назарбаев отыз жылға жуық билік басында болып, 2019 жылғы 19 наурызда президент лауазымын көп жылғы үзеңгілес серігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп бермей тұрып-ақ ел арасында айтылатын. Кейінірек "Назарбаевтың тоқалы" кейбір журналистік зерттеулерде де аталды.

2023 жылғы қарашада жарық көрген "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа" атты мемуарында Нұрсұлтан Назарбаев 60 жасқа таяған шағында өзінен шамамен 40 жас кіші Әсел есімді әйелмен "мұсылманша неке" қидырғанын, одан Тауман мен Бәйкен есімді екі ұлы барын алғаш рет мойындаған. Ұлдың үлкені бүгінде кәмелет жасқа толған, дауыс беру және сайлану құқығына ие.

Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі ықпалы кемінде 238 адам қаза болған Қаңтар оқиғасынан кейін әлсіреген. Қаңтар көтерілісі кезінде Талдықорғанда оның ескерткіші қиратылды. Экс-президент "елбасы" мәртебесінен де айырылды. "Бірінші президент – Елбасы туралы" заң Назарбаевтың жеке басына ғана емес, оның жақын туыстарына да құқықтық иммунитет берген еді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net