Добавить новость
123ru.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда балалар үйірмесіне абонемент сататын орталықта дау шықты

0

Алматыда қосымшадағы ақша аударылмай, балалар үйірмеге бара алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда балалар үйірмелеріне арналған YaYa қосымшасын қолданушылар шу шығарды. Ата-аналардың айтуынша, компания абонементке төлем жинап алғанымен, оны өнер, спорт және білім беру орталықтарына уақтылы аудармаған. Соның салдарынан балалар үйреншікті үйірмесіне бара алмай отыр. Ақшасын төлеп қойса да, қосымшаның рахатын көрмеген 500-ге жуық ата-ана полицияға шағымдануға мәжбүр.
Алматылық Мөлдір Байғалиева үш ай бұрын YaYa қосымшасы арқылы 400 мың теңгеге жылдық абонемент сатып алған. Бірақ баласы үйірмеге бар-жоғы екі ай барыпты. Оның өзінде көрсетілген қызметке көңілі толмаған. Сондықтан қазір қалған ақшасын қайтарып беруді талап етіп, компанияның кеңсесін торуылдап жүр.

"Орталыққа барсақ, бас тартып, "біз онымен жұмыс істемейміз" дейді. 4-5 ай ақша бермей жатыр дейді. Олар біле тұра, неге ары қарай жұмысын жалғастырады? Сонда банкрот болатынын білген ғой. Мен төледім, содан кейін маған келісімшартты "міне" деп, электрон түрде жібере салды", - Мөлдір Байғалиева.

Ата-аналар қосымшаның тиімділігі туралы желіде жер жарған жарнамадан естіп-білген. Соған сенген жүздеген адам 400 мың мен 600 мың теңге аралығында төлем жасапты. Ал, компания жұртқа бөліп төлеу мүмкіндігін де ұсынған. Бірақ серіктестеріне, яғни өнер, спорт және оқу орталықтарына жарты жылдан бері көк тиын аудармаған.

"Бостандық ауданында сурет салу студиям бар. Біз осы қаңтардың аяғына дейін өз жұмысымызды атқарып келдік. Бар міндетімізді орындадық. Бірақ орталық шамамен алы айдан бері еш төлем жасамаған", - деді оқытушы Альбина Бағманова.

Ал YaYa басшылығы қосымшаның өздері үшін қаржы тұрғысында тиімсіз болып шыққанын айтады. Дегенмен жақын арада мәселені шешеміз деп отыр. Ал ата-аналардың ақшасын қайтаруға кіріскен көрінеді.

"Үш күннен бері ата-аналармен жұмыс істеп жатырмыз. 10 миллион теңге қарызды қайтардық. Мұны растайтын түбіртектер бар. Олардан кешірім сұраймыз", - деді "Ya-Ya" компаниясының негізін қалаушы Лаура Ералиева.

Дегенмен кейбір ата-ана әлі де қаражаттың қайтарылмағанын айтады. Айлар бойы құрғақ уәдеге әбден тойғандар полицияға шағымдана бастаған.

"Кейінгі аптаның ішінде Алматы қаласы полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармаларына төрт арыз түскен болатын ,осы компанияға қатысты азамматтар ұжымдық емес, біртіндеп барып арызданып жатыр. Барлық арыз зерделеніп бір өндіріске алынып, Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасымен тиісті құқықтық баға берілгеннен кейін іс қозғалады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Наразы жұрт қаражатын тезірек қайтарып, сан соқтырған компания басшылығын тиісті жазаға тартуды талап етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net