Добавить новость
123ru.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Президент ТРК Пәкістанның медиа нарығына шығады

0

2026 жылдың 4 ақпанында Исламабадта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары барысында ҚР Президенті Телерадиокешені мен Пәкістанның орталық ақпарат агенттігі «Associated Press of Pakistan» арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Президент ТРК директоры Раушан Қажыбаева мен «Associated Press of Pakistan» Бас директоры Мұхаммед Асим қол қойды.

Тараптар ақпарат алмасу, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды бірлесіп жариялау және жаңалық контентін өндірудегі кәсіби тәжірибемен бөлісу бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті.

Пәкістанның «Associated Press of Pakistan» агенттігімен ынтымақтастық Президент ТРК үшін Оңтүстік Азия елдері арасында аудиториясы жөнінен екінші орында тұрған, халқы 250 миллионнан асатын Пәкістан нарығына жол ашады.

Президент ТРК халқының жалпы саны 2 миллиардтан асатын өңір елдерінің БАҚ-пен кәсіби байланысын кеңейтіп, ақпараттық кеңістіктегі қатысуын жүйелі түрде тереңдете береді.

Анықтама үшін:

ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның ең ірі толық қызмет көрсететін медиа компаниясы, оның құрамына «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы және аттас радиостанция, Silk Way, Silk Way Cinema және Silk Way Prime халықаралық телеарналары, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі және Деректі кино орталығы кіреді.

«Associated Press of Pakistan» (APP) — 1947 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Пәкістанның мемлекеттік ақпарат агенттігі. Агенттік жаңалықтарды ағылшын, араб, урду және бірқатар аймақтық тілде (синдхи, пушту және балучи) шығарады және 40-тан астам жетекші шетелдік ақпарат агенттіктерімен ынтымақтастық орнатып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент ТРК журналистері Al Jazeera медиа институтында тағылымдамадан өтті.

 

Сообщение Президент ТРК Пәкістанның медиа нарығына шығады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net