Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026

“Арманы паралимпиадаға барып, жеңіске жету“. Спорт ерекше жанның өмірін қалай өзгертті?

0
20 жастағы Мейірбек Оразбек - спорттың арқасында өмірін өзгерткен жас пара спортшы. Ол Астанаға алғаш рет 2022 жылы анасымен келген. Анасының басты мақсаты баласының дамуына мүмкіндік жасау еді. Себебі Мейірбек көбіне ата-әжесінің қолында болған.
Бірнеше жыл бойы дәлдікті, сабырды талап ететін паралимпиадалық бочча спортымен айналысқан Мейірбек аз уақыт ішінде-ақ үлкен жетістіктерге жетті. Спорт оған тек медаль ғана емес, өзіне жақын жаңа орта мен сенімділік сыйлады.
"Басында боччаны түсінбей, біраз түсініспеушілік болды"
Мейірбек бочча спортына 2023 жылы келген. "Балаңызды осы спорт түріне алып келмейсіз бе?" - деген ұсыныс Мейірбектің өмірін өзгерткен. Анасы баласының реабилитологы Айнұр Мырзаханованың ұсынысына құлақ асып, ұлымен Астанадағы Паралимпиада орталығына барады. Бұл Мейірбектің алғаш рет спортқа қадам басқан кезі.

"Басында боччаны түсінбей, қатысқысы келмей, арамызда біраз түсініспеушілік болды. Алайда одан да өттік", - дейді анасы Мөлдір Алмасқызы.

Алғашында бапкер Қазыбек Утепбергенұлы Мейірбекті бақылап көріп, мүмкіндігін бағалаған.
Мейірбектің оң жағындағы бапкері - Қазыбек Утепбергенулы, ал сол жағында бас бапкері - Диана Молдахметова
"Өмірлік жолымды баламның болашағы деп қарастырамын"
Анасының айтуынша, Мейірбек аптасына үш рет 16:00-ден 18:00-ге дейін орталыққа боччамен айналысуға барады. Арасында кішігірім турнирлар, шағын жарыстар болып тұрады. Оның барлығынан қалмауға тырысады. 

Қаржылық қолдау ретінде чемпионаттан орын алған кезде оған айлық төленеді. Ал мемлекеттен зейнетақы беріледі. 

"Мен толық емес отбасындағы баланың анасымын. Өмірлік жолымды баламның болашағы деп қарастырамын. Өзім одан бөлек жұмысымды қатар алып жүремін", - дейді анасы.

Мейірбек пен анасы Мөлдір Алмасқызы
Анасының айтуынша, Мейірбек көп сөйлемегенімен, өздігінен бәрін істей алады. Таңертең жуынып, жаттығуын жасап, тамағын ішіп, кейін үйде жеке дайындалады. Бұл - қолының икемін жоғалтпау үшін қажет.
Мейірбек таксиді өзі шақыра алады, тамағына тапсырыс береді, ақшасын өзі төлейді. Қаржысына өзі жауапты. Ол өзіне керек затын алғанда ерекше адамдарға арналған көмек бар-жоғын қарап алады. Егер бір нәрсені түсіндіріп жеткізе алмаса, телефонға жазып көрсетеді.

Мейірбек ұлттық құрамада
2023 жылғы сәуірдің ортасынан бастап Мейірбек жаттығуларға тұрақты түрде қатыса бастайды. Ал 2 маусым оның өміріндегі ерекше күн болды. Дәл сол күні, 18 жасқа толған сәтінде, Мейірбек Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, ел чемпионы атанған. 

"Сол сәттен бастап Мейірбек ұлттық құрамаға кірді", - дейді анасы.

Қазақстан чемпионы болғанан кейін Мейірбек 2023 жылы Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарына Темірлан, Қуаныш және Итиана есімді спортшылармен бірге барып келген. Онда ол командалық есепте 8-орын алған. 
Мәулен Әшімбаевтың Мейірбекті құттықтап жатқан сәті. Анасының жеке архивінен
Одан бөлек ол төрт жылда бір келетін Спартакиаданың күміс жүлдегері. Ал 2025 жылы 25-31 қазан аралығында Ақтауда өткен Түркі тілдес елдер арасында бочча спортынан халықаралық турнирдің 2-орын жүлдегері атанған. 
Спорттан бөлек
2025 жылы Мейірбек Қазақстан Швейцария-Американдық колледжін тәмамдап, диплом алды. Мамандығы - "Туризм", алайда ол оқу барысында бағдарламалауды меңгерген.
Ол бағдарламалау тілдеріне қызығады, техника мен қосымшаларды жақсы біледі. Мектеп пен колледжде ерекше балаларға арналған сыныпта оқымаған, себебі интеллектісі жоғары болған. Оқу үлгерімі 95-98 балдан төмен түспеген.
Мейірбек пен бас бапкері Диана Молдахметова
Бос уақытында қазақ және корей музыкасын тыңдайды, киім үлгісі мен шаш стилін өзі таңдайды. Гиперкинез диагнозына қарамастан, әлеуметтік желілерін де өзі жүргізеді.
Қазіргі уақытта Мейірбек аптасына үш рет бочча, екі рет жүзу жаттығуларына қатысады. Жүзу - оның денсаулығына ерекше пайдалы. Суда денесін бос ұстап, тепе-теңдігін сақтай алады.

"Спортпен айналысқаннан кейін өз-өзін бақылауда ұстауды үйренді. Себебі гиперкинез кезінде жүйкесі бір орында тұрмайды. Бұрын төбеге қарап жата алмай, қозғалып жататын. Ал қазір босаңсып, әрі айтқан тапсырманы орындайды", - дейді анасы. 

"Қазіргі арманы - паралимпиадаға барып, жеңіске жету"
Бапкері Диана Молдахметованың сөзінше, спортпен айналысатын адамдардың өмір тәртібі өзгереді. Олардың нақты мақсаты, күн тәртібі, мотивациясы қалыптасады. Жарыстар арқылы табыс тауып, ата-аналарын да қуантуға мүмкіндік алады.

"Достары көбейіп, белгілі бір мақсаттары пайда болады. Спорттағы нәтижелері үшін табыс тауып, шетелге жарыстарға шыға алады. Өздерінің ата-аналарын да апарады", - дейді бапкері.


Ал анасының сөзінше, жаттығуда баласы салмақты боп жүре алмайды. Бір ерекшелігі үнемі күліп жүреді. Спорттың арқасында адамдармен коммуникация құрып, жаңа достар тапқан.

"Шетелге жарысқа шығып келгеннен кейін балалардың көзқарастары мен армандары өзгереді екен. Қазіргі арманы - боччо спортынан паралимпиадаға барып, жеңіске жету", - дейді анасы.


Мақала және сурет авторы: Руслан Базарбаев





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net