XXI ғасыр – ақпарат ғасыры. Бүгінгі адам күніне мыңдаған жаңалық оқып, жүздеген бейне көріп, сансыз пікірге тап болады. Мұндай көлемдегі ақпарат бұрынғы ұрпақ үшін қолжетімсіз еді. Логикаға салсақ, ақпарат көбейген сайын адамзат та бұрынғыдан ақылдырақ болуы тиіс сияқты. Алайда шындық мүлде керісінше: ақпарат артқан сайын терең ойлайтын, жүйелі пайымдайтын адамдар көбейіп кеткен жоқ. Керісінше, қоғам үстірт ойлауға, қысқа реакциямен шектелуге бейімделіп барады. Бұл – XXI ғасырдың басты парадоксы. Ақпараттың көптігі ойлау қабілетін автоматты түрде дамытпайды. Қазіргі адам ақпаратты қабылдайды, бірақ талдамайды. Әлеуметтік желіде таңнан кешке дейін бейнелерді жылжыту – ойлану емес. Көру – түсіну емес. Біз «оқыдым» деп...