Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Апелляциялық сот: Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкім өзгермеді

0

Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Прокурор өз сөзінде блогер тілге қатысты “арандату сипатындағы сұрақтар қойып”, “тіл білмегені үшін” мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті деді. Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.
Сот отырысы тез аяқталып, сот алқасы бірінші инстанцияда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
Мирболат Мырзатайұлының әйелі Гүлшат Бишуинова Азаттыққа сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.
"Төрт жылға соттайтындай ешкім ешкімнің басын жарып, қырылған жоқ қой. Өткенде Қостанайда 174-баптың бірінші бөлігімен 2 жыл берді. Ол әйелдің айтпаған сөзі жоқ..." деді Гүлшат Бишуинова.
Сотқа Мирболат Мырзатайұлының өзі қатыстырылған жоқ.
Бұған дейін қорғау жағы апелляциялық қаулы шықпай жатып, Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған еді. Ресми органдар бұл ақпаратқа реакция білдірмеген.
Сейсенбі күні Мирболатты қолдауға сотқа тіл жанашырлары, азаматтық белсенділер келді. Олар сот үзілісі кезінде сот ғимараты алдында "Мирболатқа бостандық!" деп айқайлады.
Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Айыптау актісінде блогердің 2025 жылғы сәуірде Алматыдағы мекеменің кеңсесіне барып, "мекеме басшысымен жанжал барысында" "ұлт араздығын қасақана қоздыруға кіріскені" жазылған. Актіге сүйенсек, блогер мен мекеме басшысы арасында келіспеушілік тілге қатысты туындаған.
Сарапшының пайымдауынша, блогер қазақ тілін білмейтін басшыларды жұмыстан шығаруға бойкот жасауға үндеген. Бұны алауыздық қоздыру әрекеті деп тапқан. Блогердің істі болуына Instagram парақшасында шыққан видеосы ілік болған. Видеода блогер тұрғын үй кооперативінің басшысы Олеся Хасановамен сөзге келген. Онда блогер «мемлекеттік тілді білмейсіз» деп сөгіп, осындай азаматтарға бойкот жариялау керек деген.
Ал блогер өзіне тағылған айыптарға келіспеді. Ол мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етуім қылмыс емес деген. Бұған дейін құқық қорғаушылар мен белсенділер Мирболат Мырзатайұлын босатуға шақырған. Туыстары мен жақтастары ол блогерлік қызметіне, азаматтық белсенділігіне байланысты қамалды деп санайды.
54 жастағы Мирболат Мырзатайұлы кейінгі он жылдан бері медиа саласында жүр. Бұрын мемлекеттік "Қазақстан", жекеменшік КТК арналарында журналист болған. Кейінгі жылдары азаматтық белсенділер арасында жиі көзге түсті. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тақырыптар бойынша желіде жиі сыни жазбалар жариялайды. Саяси астары бар делінетін сот істерінен хабар таратады. Наразылық акцияларынан тікелей эфирге шығады. Қазірге дейін YouTube-та "Журналисттік зерттеулер агенттігі" деген арнаны жүргізеді. Оған инстаграмда 24 мыңға жуық, ютубта 64 мыңнан астам адам жазылған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net