TikTok-тағы жаңа «краш»: Шымкенттік «ұшатын Даулеттің» тарихы
Соңғы уақытта TikTok желісінде жаңа есімдер жиі жарқ етіп шығып жүр. Солардың бірі — Шымкент қаласының 23 жастағы тұрғыны Даулет Садықов. Волейбол алаңында түсірілген оның бейнероликтері қысқа уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинап, ұсыныстар таспасында кеңінен таралды. Даулеттің видеолары мыңдаған пікір мен лайкқа ие. Қолданушылар оны «краш» деп атап, ойын кезіндегі сенімді қимылы мен харизмасын ерекше атап өтуде. Әсіресе оның биік секірісі мен қуатты соққылары көпшілікті таңғалдырды. Баяулатылған түсірілім бұл сәттерді одан әрі әсерлі етіп, видеолардың қайта-қайта қаралуына себеп болды.
Даулет бұл...
