Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Теңіз кенішінде өрттен кейін форс-мажор жарияланды

0

Қазақстанның батысындағы "Теңіз" кенішінің операторы "Теңізшевройл" компаниясы кеніштегі өрттен кейін CPC Blend мұнай түрін тасымалдауға қатысты форс-мажор жариялады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Reuters жазды.

CPC Blend мұнай түрінің негізгі өндірушісі Теңіз кенішіндегі жағдай алдағы уақытта да мұнай тасымалдауды шектеуі мүмкін дейді басылым.

18 қарашада Теңіз кенішінде турбина трансформаторы өртеніп, кеніште мұнай өндіру тоқтатылған. Reuters жазуынша, компания Королев кенішіндегі жұмысты да тоқтатқан. Теңіз кенішінің жабылуы Каспий құбыр консорциумына мұнай тасымалдауды шектеуі мүмкін.

Әлемдік нарықты мұнайдың шамамен 1.5% қамтамасыз ететін және Қазақстан мұнайының 80 пайызын халықаралық нарыққа жеткізетін КҚК терминалы қараша ортасынан бері жартылай істеп келген еді.

"КҚК-ның Қара теңіздегі терминалының үшінші айлақ құрылғысындағы жөндеу жұмыстары соңғы кезеңге таяды" деп хабарлады КҚК сәрсенбі күні.

Қазақстан энергетика министрлігі бейсенбі күні хабарлама таратып, 18 қаңтарда болған технологиялық ақаудың жай-жапсарын анықтайтын арнайы комиссия іске кіріскенін хабарлады.

"Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған. Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады" деп хабарлады ведомство.

Қараша айының соңында "теңіз дрондары Каспий құбыр консорциумының терминалына шабуыл жасап, соның салдарынан айлақ құрылғысы істен шыққан" еді. Содан бері шамамен екі ай үшінші айлақ құрылғысына жөндеу жұмысы жүргізілген.

Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуыл салдарынан 480 мың тонна мұнайын жоғалтты деп мәлімдеді 11 желтоқсанда Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге.

Теңіз кеніші Атыраудан 340 шақырым жерде. Оны игеретін "Теңізшевройл" Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді. "Теңізшевройл" мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық "ҚазМұнайГаз" (20%) және LUKArco (5%) компаниялары кіреді.

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі Теңізден шығады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net