Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады - Тоқаев
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.
"Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды", - деді Тоқаев.
Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:
халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады;отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
