Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда белсенділер бір палаталы парламентті партия тізімімен сайлау ұсынысына қарсы шықты

0

16 қаңтарда Алматыда қоғам белсенділері бір палаталы парламент реформасын талқылап, парламент тек партия тізімімен сайлануы керек деген ұсынысқа қарсы шықты.

Талқы қорытындысында қатысушылар сайлау заңнамасына өзгеріс енгізу туралы қарар қабылдады. Қарарда Қазақстандағы сайлау туралы заң халықаралық талаптарға сай емес екені айтылып, бірқатар баптарды қайта қарау ұсынылған. Атап айтқанда, парламент мәжілісін қалыптастыруда мажоритарлық жүйенің үлесін 70 пайызға дейін арттырып, партиялық тізім арқылы сайланатын депутаттар санын 30 пайызбен шектеу қажет екені көрсетілген.

Қарар авторларынің бірі - тарихшы, белсенді Есенғазы Қуандықтың айтуынша, елдегі электораттың басым бөлігі саяси партияларға мүше емес, ал қолданыстағы заң партияға кірмеген азаматтардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіндігін шектеп отыр.

- Өйткені мемлекетте электораттың 98 пайызы ешбір партияға мүше емес. Себебі билік төменнен жасақталған партияларды әдейі тіркемей отыр. Партия деген шынайы болуы үшін төменнен жасақталуға тиіс, - деді Есенғазы Қуандық.

Оның сөзін жақтаған жазушы, журналист Марат Байділдәұлы "елде партияға мүше адамдар саны бәрін қосқанда 2 миллионға жетпейді" деді. Ол 12 миллион азамат Конституцияда жазылған, сайлану құқығынан айырылғалы отыр деп санайды.

Сонымен бірге қарарда сайлау комиссияларының құрамын тек саяси партиялар ұсынуға тиіс деген норманы өзгертіп, қоғамдық ұйымдарға да кандидат ұсыну құқығын беру ұсынылған. Қарарда әр азаматтың дауыс беру құқығын қорғау, сайлау бюллетеньдерін санау кезінде бұрмалаушылыққа жол бермеу және мұндай әрекеттерді мемлекеттік қылмыс ретінде қарастыру қажеттігі айтылған.

Есенғазы Қуандық сайлау бюллетеньдеріне "барлық партияларға қарсымын" деген арнайы белгі енгізуді ұсынды. Оның сөзінше, бұл норма азаматтардың таңдау құқығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ал қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы "бір палаталы парламент туралы билік ұйымдастырған талқылаулар қоғамның шынайы өкілдерінсіз өтіп жатыр" деді.

Жиынды Сәрсенбайұлы бастаған бір топ азаматтық белсенді, "желтоқсаншылар" бірлестігі ұйымдастырып, қаржыландырған.

Сәрсенбайұлының айтуынша, талқылауды өткізу барысында көп кедергілер болған. Жиын өтуі керек болған төрт жер де ойнынан айнып, өткізбей тастаған. Ақыры ұйымдастырушылар кедергі болмас үшін "Дат" газетінің дөңгелек үстелі форматында өткізуге мәжбүр болған. Мұны мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұсынған. Ол қоғамдық талқылауда айтылған ұсыныстарды 20 қаңтарда өтетін ұлттық құрылтайда ел билігіне жеткіземін деген.

Жиында депутаттың өзі болмады. Талқыны "Дат" газетінің атынан келген Құтмағамбет Талапбайұлы бастап, жүргізе бастаған. Алайда ол жиынның басында сөйлеген спикер Есенғазы Қуандықтың сөзіне шүйлігіп, оның мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин туралы айтқан сыни сөздерінен кейін, "тақырыптан ауытқыдың, регламентті сақтамадың" деп бірнеше рет ескерту жасап сөзін бөлді. Кейін "Дат" редакторы Құтмағамбет Талапбайұлы "біз бұлай келіскен жоқпыз" деп жиыннан шығып кетті.

Алматылық белсенділер талқыдағы ұсыныстарын ресми түрде билікке жолдамаған.

6 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент реформасын жүзеге асыру бойынша халықтан 500-ге жуық ұсыныс түскенін айтқан. Ақорданың хабарлауынша, ұсыныстар e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі арқылы қабылданған.

Тоқаев бір палаталы парламент құру ұсынысын былтыр 8 қыркүйекте халыққа жолдауында айтқан. Ол парламентті тек партиялық тізіммен сайлауды ұсынды. Биліктің жоспары бойынша, ұсыныстар биыл талқыланып, 2027 жылы референумға шығарылуы керек.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net